Көрмеге ҚР МОМ қорындағы XVIII-XX ғасырлармен мерзімделетін ат әбзелдері, суық қару, ату және оқ дәрімен атылатын қарулар, сондай-ақ оларды қолдануда қажетті сан алуан жабдық түрлері - шарайна, қалқан, сауыт және кісе белдіктер қойылған. Сонымен қатар, көрме экспозициясына қазақ тарихында есімі белгілі тұлғалар – Амангелді Иманов, публицист, этнограф, фольклортанушы Мәшһүр-Жүсіп Көпеев, мемлекет Қайраткері Ә.Жангелдин, сондай-ақ 1916 жылғы Торғай, Жетісу өңіріндегі ұлт-азаттық көтеріліс, 1929-1930 жж. Созақ көтерілісіне қатысушылармен байланысты қару-жарақтар, Қазақстанның халық жазушысы М.Мағауиннің музей қорына 2014 жылы өткізген қамшылары да қойылған.
Фотосуреттерді музей әкімшілігі ұсынды.