Анонс


Алматы қаласындағы Орталық музей «Сырлы аяқтың сыны кетпес» атты көрмесіне шақырады

Сенбі, 09 Шілде 2016 01:21
Алматы қаласындағы Орталық музей «Сырлы аяқтың сыны кетпес» атты көрмесіне шақырады KAZMUSEUM.KZ -  

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Орталық музейінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және Алматының 1000 жылдығына орай ҚР Мемлекеттік Орталық музейі қорындағы ыдыс-аяқ коллекциясынан «Сырлы аяқтың сыны кетпес» атты көрме өтуде, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты музей әкімшілігіне сілтеме жасап.

Көрмеге Орталық музей қорынан қамтылған 100-ге жуық ыдыс-аяқ атқаратын қызметіне, қолданылуына байланысты топтастырылып қойылды. Көрмеден ас-тағам әзірлеуге қолданатын қазанның, оның қосымша құралдары – кепсер, сүзгі, су қайнататын мыс құман, шәйнек, самаурын түрлерімен, ас-тағамды сақтау мен тасымалдауға пайдаланатын саба, мес, күбі, құмыра, шелек, торсықтармен, піскен асты таратып құюға арналған ожау, саптыаяқ, астау, табақ, тостаған, керсен секілді ыдыстармен, сондай-ақ, дайын асты ішіп-жеуге арналған сапал ( кесе түрі), кәрлен, қасық, пиала, зерен, шыныаяқ тәрізді ыдыс-аяқтармен жан-жақты танысуға болады.

 Ғаламдану, жаһандану құбылысы қазақтың дәстүрлі өмір салтына түбегейлі өзгеріс әкелгенімен, ұлт мәдениетінің негізгі сипаттары уақыт тезінен өтіп, қазіргі тұрмысымыз бен болмысымыздан да үлкен орын алып отырғанын бүгінгі қазақ шеберлері жасаған ыдыс-аяқтардан көруге болады.

            
7973 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper