Анонс


«Қазақстан өнеріндегі әйел бейнесі» атты көрме ашылды Таңдаулы

Сейсенбі, 08 Наурыз 2016 04:39
«Қазақстан өнеріндегі әйел бейнесі» атты көрме ашылды KAZMUSEUM.KZ -  

Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде Халықаралық әйелдер күніне орай Астана қаласының Суретшілер одағымен бірлесіп ұйымдастырылған «Қазақстан өнеріндегі әйел бейнесі» көрмесінің ашылуы өтті,деп хабарлайды kazmuseum.kz тілшісі Ұлттық музейдің ақпараттық-имидждік қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің директорының орынбасары Жәкен Таймағамбетов көрмеге қойылған жұмыстардың ерекшелігі туралы айта келе, жалпы әйел затының қадір-қасиетіне тоқталып өтті.

-  Бұл біздің талантты суретшілеріміздің қолынан шыққан жұмыстардың бір бөлігі ғана. Мұндағы туындылардың қай-қайсысы да әйел затына деген зор құрметті насихаттайды. Көктеммен қатар келетін мерекеге орай мұндай көрменің өтуі өте орынды деп санаймын,- деді Ж.Таймағамбетов.

Астана қаласы Суретшілер одағының мүшесі Ермек Тоқтаров қазақ қоғамындағы әйел адамның орны туралы айта келе, көрмеге қойылған жұмыстардың негізгі тақырыбына тоқталып өтті.

Біздің қазақ әйел адамның қадір-қасиетін жоғары бағалаған халық. Оның ішінде қыз балаға деген құрметі, қамқорлығы өз алдына үлкен бір тақырып. Бәріміз де ананың мейірімін, аялы алақанын көріп өстік. Әлдиінен күш-қуат алдық. Сол аналарымыздың сәбиіне деген махаббаты, мейірімділігі және жаратылысындағы әдемілігі осы суреттерде көрініс тапқан, - деді Е.Тоқтаров.

Көрмеге әйел бейнесін қамтыған 40-тан астам туындылар қойылған. Атап айтсақ, Камил Муллашевтың, Нина Терещенконың, Вера Слабоспицкаяның, Қалиолла Ахметжанның, Бахытнұр Бүрдесбековтің, Сембіғали Смағұловтың туындыларында қазақ әйелінің тұрмыс-тіршілігімен қатар ұлтымыздың салт-дәстүрі де қамтылған.

 

5307 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper