Анонс


Халықаралық музейлердің көрмесіне «Қазпошта» АҚ-ның маркалары қойылды

Жұма, 27 Қараша 2015 15:04
Халықаралық музейлердің көрмесіне «Қазпошта» АҚ-ның маркалары қойылды KAZMUSEUM.KZ -  

Әлемдік деңгейдегі музейлердің көрмесіне «Қазпошта» АҚ-ның пошта маркалары қойылды. Бұл туралы «Қазпошта» АҚ-ның баспасөз қызметінен хабарлады.

«ЮНЕСКО музейінде Абай Құнанбаев пен Қаныш Сәтбаевқа арнап шығарылған пошталық маркалар көрсетілуде. Ал, Женева қаласындағы БҰҰ филателия музейінде «Өркениет диалогы», «Халықаралық таулар жылы» және «Туберкулез бен ЖҚТБға қарсы күрес» тақырыптарында шығарылған маркалары қойылды», - делінген хабарламада.       

 

Суретте: "Қазпошта" АҚ-ның Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған пошта маркасы.  

2600 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper