«Nikolya Шоколад музейінің» авторлық көрмесі осы уақытқа дейін әлемнің 40 қаласында болды. Бүгінгі күнге дейін көрмеге 500 000-нан астам адам қатысты. Ендігі жерде, Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтарына белгілі шоколатье-шебер Nikolya-ның шоколад туындыларымен және шоколад тарихымен танысуларына, сондай-ақ, шеберлік кластарына қатыса отырып, кереметтерді өз қолымен жасауға зор мүмкіндік туып отыр», - дейді ұйымдастырушылар.
Көрме 2015 жылдың 4 желтоқсан күні ашылады. Шымкент тұрғындары көрмені 2016 жылдың 31 қаңтарына дейін тамашалай алады.
Айта өтейік, көрме кезінде Nikolya Шоколад музейінің 300-ден аса жоғары сапалы шоколадтық өнер туындылары ұсынылады. Арнайы осы көрме үшін автор Шымкент қаласына арналған бірнеше қызықты экспонаттар дайындап отыр.