Бұл Қазақстан Респубикасы Тұңғыш Президенті Күніне арналған Музейдің «Тарихи таңдау» ғылыми-экспозициялық жобасының жалғасы болып табылады. Жобаның әрбір кезекті көрмесі бастау нүктесін 1991 жылғы 1 желтоқсаннан ала отырып, Қазақстан халқы жасаған тарихи таңдаудың тарихи салдарлары мен нәтижелерін көрсетеді.
Тақырыптық көрме шеңберінде тұңғыш рет экспозицияда Мемлекет басшысына осы – 1998 - 2000 жылдар аралығында тапсырылған 8 жоғарғы мемлекеттік наградалар ұсынылып отыр.
Бірегей мұрағаттық материалдар – Президенттің кездесулерге арналған тезистері мен қолжазбалары, сондай-ақ суреттермен, сол кездегі газеттермен толықтырылған мемлекет басшылары және халықаралық ұйымдар жетекшілерімен жеке хат алмасуы - осының бәрін көрме экспозициясынан көруге, парақтауға, оқуға болады.
Көрме 27 қараша күні 17.00-де Қазақстан Респубикасы Тұңғыш Президентінің Музейінде ашылады.