«Суретшілердің жүйрік қиялының арқасында біз қазақтың атақты батырлары мен билерінің бейнелерін көріп, көзайым болдық», - дейді тараздық еңбек ардагері Қымбат Тілеубаева.
Мұнда белгілі жамбылдық суретшілер Гүлнар Қаспақова, Мұратжан Рақымжанов, Рахат Сапаралиева, Константин Провоторов, Галина Шумилина Қанат Мұратаев, Қайрат Ғұмаровтың туындылары ұсынылды. Сондай-ақ Қазақстанның тарихы мен қазіргі таңдағы бейнесі Болат Құсайыновтың, Сейдрахман Азизовтың, Нұрлан Райымовтың, Николай Денисовтың, Баймахан Шерімовтің еңбектерінен көрініс тапты.
Көрмеде сонымен қатар ұлттық сәндік-қолданбалы өнер бұйымдары ұсынылды. Жанат Керімбаев, Есен Есетов, Алмагүл Сапақов, Қырғызбай Қаңтарбаев, Ақерке Қосамбетова күмісті, былғарыны, киізді пайдаланып бұйымдар жасау шеберлігін паш етті.
Облыстық мәдениет, мұрағат және құжаттама басқармасының басшысы Дүйсенәлі Бықыбаевтың айтуынша, бұл көрменің басты мақсаты - тәрбиелік, патриоттық мән беруде.
«Әсіресе, жастар халқымыздың, мемлекетіміздің тарихын білуі тиіс», - деді ол.
«Мәңгiлiк ел - мұратым» тарихи экспозициясын облыстық мәдениет басқармасы мен облыстық көрме залы ұйымдастырды.
Дереккөзі: inform.kz