«Қазіргі уақытта мәдениеттің назардан тыс қалып отырған кітапхана, музей салаларында нормативтік-құқықтық база жоқ. Мәселен, кітапхананың штат саны қанша болуы керектігі көрсетілмеген. Тіпті, өкінішке орай, оның мәртебесі, қызметкерлерінің санаты да жасалмаған. Біз әлі күнге кеңес заманында жасалған нормативтермен жұмыс істеп келеміз»,- деді ол.
Сондықтан да министрдің айтуынша, таяуда қабылданған еліміздің мәдени саясаты тұжырымдамасы аясында осы саланың нормативтері жасалуы керек. Бұл іске кіріскен Мәдениет және спорт министрлігі қазіргі уақытта 65 нормативтен тұратын бағдарлама әзірлеуде.
«Бізде мәдениет, әдебиет пен өнер салаларында ұлттық комиссия жоқ. Біздің мақсатымыз - сол кеңестерді құру», - деді А.Мұхамедиұлы.
Айта кетерлігі, қазіргі таңда елімізде 4185 кітапхана, 224 музей бар. Оның ішінде 40 кітапхана мен 1 музей жекеменшік. Соңғы 10 жылдың ішінде елімізде музей саны 50, кітапхана саны 20 пайызға көбейіп отыр.