Анонс


Қазақстанда музей ісіне қатысты құқықтық база әзірленеді Таңдаулы

Сенбі, 09 Шілде 2016 01:00
Қазақстанда музей ісіне қатысты құқықтық база әзірленеді KAZMUSEUM.KZ -  

Қазақстанда музей ісіне қатысты құқықтық база 2016 жылғы қараша айында қаралатын болады. Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Гүлнар Ықсанова Ә. Қастеев атындағы өнер музейінде мәдениет қызметкерлерімен кездесу кезінде айтты, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.

-  Музей саласында мамандар жетіспейді. Мұндай мамандарды оқыту қажет. Бірақ, ол мамандықтарды жастар  таңдағысы келмейді. Бұл мамандарға әлі мәдени баға берілген жоқ. Батыста кең ауқымды бәссаудалар өтеді. Ал бізде өтпейді. Біз оларға қатыспаймыз. Мен музейлердің басшыларына музей қызметкерлеріне қатысты олардың қызметтерінің мақсатқа сәйкестілігі және сапасына қарай экономикалық ынталандыру жүйесін ұсындым. Бізде қазір құқықтық база жоқ. Оған қатысты өзгерістер алдағы қараша айында қабылданатын болады, - деді депутат. 

 

 

 

Фото: ИА "Новости-Казахстан"

3036 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper