Асхаттың сауалына орай KAZMUZEI.KZ сайты жетекші музейлердің жұмысындағы мына тәртіпті ұсынады:
Музейлік заттардың материалдарының тозуына әдетте жарық көп әсер етеді. Затқа табиғи жарық зиянды әсер етеді.Материалдардың барлық түріне, әсіресе,органикалық және асыл тастар мен минералдарға, түрлі - түсті шыныларға тікелей түсетін күн шуақтары өте зиянды.Жасанды жарықтың ішінде ультракүлгін сәулелер, люминесценттік лампалар зиянды. Оларды музейде кеңінен қолдануға тиым салынады. Қыздырғыш лампалар зиянсыз, бірақ олар жылуды көп таратады. Экспонаттарды қызып кетуден сақтау мақсатында қыздырғыш лампаларды олардан алыс орналастыру керек. Кино, теледидар хабарларын түсіргенде, музей заттарын фотосуретке түсіргенде, музей заттарының сақталуына кепілдік ететін жағдайлар жасалу керек. Жарық көзі экспонаттан 4 метр қашықтықта орналасып, ал жарықты белгілі уақытқа (4–5 мин) ғана жағу керек.