Анонс


Маңғыстау облыстық музейі «Этнография» залының тұсаукесерін өткізді (ФОТО)

Бейсенбі, 25 Желтоқсан 2025 17:28
Маңғыстау облыстық музейі «Этнография» залының тұсаукесерін өткізді (ФОТО) KAZMUSEUM.KZ -  

Әбіш Кекілбайұлы атындағы Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейі көпшілікке «Этнография» залының тұсаукесерін өткізді, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Жаңадан ашылған залда өлкедегі діни-наным сенімдер мен Ислам дінінің таралуы, өлке этнографиясын зерттеуші ғалымдар тобы, Маңғыстау құдықтары мен егін шаруашылығы және бақташылық, Адай жылқысы, аңшылық дәстүр мен тас қашау өнері, өлкенің музыкалық мұралары, ұлттық киім үлгілері, тері мен сүйектен жасалған бұйымдар, ағаштан жасалған бұйымдар мен ұлттық ойын және аяқ киім үлгілері мен киіз үй тақырыптары қамтылған.

Ашылу салтанатында сөз сөйлеген Маңғыстау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі  басқармасының басшасы Нұртас Сали жаңа залда Маңғыстау облысының зергерлік өнеріне ерекше мән беріліп отырғанын атап өтті.

Экспозицияда алғаш рет «Маңғыстаудың күміс әлемі» атауымен арнайы музей бөлмесінде зергерлер қолынан шыққан 250 астам күміс жәдігерлер топтамасы қойылды.

Залдың жасақталуы қарсаңында «адайдың бес жүйрігі» Қашанған Күржіманұлының және би әрі болыс болған Өсербай Сәрсенбайұлының домбыралары музей қорын толықтырып, экспозициядан орын алды.

Экспозиция аумағында  өлкенің салт-дәстүрі және әдет-ғұрпынан ақпарат беретін 3 тақырыптық диорамма, 6 көркемдік панно жасақталған.

346 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper