Аса құнды бұл жәдігерді музейге 1978 жылы Орал қаласының тұрғыны Бибі Жармұханова табыстаған. Бибі Абдулқызының музейге айтқан мәліметінше, бұл Құран оның анасы Макперузаға (1886 жылы дүниеге келген) тиесілі болған екен. Ал Макперузаға әжесі берген, әжесіне әкесі Меккеден алып келген делінген.
Құранның металл тысына ұлғайтқыш әйнек бекітілген. Қырына алтын жалатылғандай кітапшаның 438 парағы, яғни 876 беті бар.
Нұрлыбек РАХМАНОВ,
Батыс Қазақстан облысынан арнайы kazmuseum.kz сайты үшін.
Суретке түсірген автор