Ұлттық музей заманауи жаңа технологиямен жабдықталған еліміздегі бірегей музей. Келушілер музей жәдігерлерімен арнайы экскурсовод мамансыз-ақ, аудиогидтің көмегімен өз бетінше экскурсия жасап, таныса алады. Аудиогид қызметі үш тілде, қазақ, ағылшын, орыс тілдерінде жүргізіледі.
Сонымен қатар, музей экспозициясындағы жәдігерлер мен макеттер тұсында олардың тарихы жайындағы жан-жақты мәліметтер жазылғанQR-кодтар орналастырылған. Музейге келушілер QR-кодтардағы ақпараттарды арнайы планшеттер арқылы сканерлеп оқи алады. Немесе арнайы бағдарлама негізінде жеке гаджеттері арқылы да танысу мүмкіндігі бар.
Музейге келушілерге барынша ыңғайлы әрі пайдалы болуы үшін жан-жақты жағдай жасалынып отыр. Мәселен, жоғарыдағы заманауи технологиялардан бөлек, елорда тұрғындары мен қонақтары оnline-ticket жүйесі арқылы билетке алдын-ала тапсырыс жасап, ала алады.