Анонс


Қазақстан музейлеріне қай уақытта тегін кіруге болатыны белгілі болды

Сәрсенбі, 08 Ақпан 2017 02:10
Қазақстан музейлеріне қай уақытта тегін кіруге болатыны белгілі болды KAZMUSEUM.KZ -  

Мәдениет министрлігі тұрғындарды музей мен театрға тегін кіргізу жайлы ұсыныс жасады, деп хабарлады КТК арнасы.

«Музей мен театрды жақсы көретіндерге жағымды жаңалық! Мәдениет министрлігі ел тұрғындарына қойылым мен жәдігерлерді тегін көруге мүмкіндік жасамақ.

Осы арқылы ведомства жұрттың мәдениетке деген махаббатын арттырмақшы. Десе де, театр әрбір барған сайын тегін бола бермейді. Өнерге қызыққандар қойылымды жылына төрт рет мейрам күндері ғана шығынданбай тамашалай алады. Ол наурызға қарсы, балаларды қорғау мен білім және тәуелсіздік күні. Ал, музейге кіру әрбір айдың үшінші жексенбісінде тегін болмақ» делінген КТК арнасы таратқан ақпаратта.

 

 

Авторы: Досжан МАРАТҰЛЫ,

КТК арнасы.

Фото: «Астана ақшамы» газеті. 

3339 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper