Анонс


НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Ұлттық музей сенбі күні тегін қызмет көрсетеді

Жұма, 27 Қараша 2015 17:51
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Ұлттық музей сенбі күні тегін қызмет көрсетеді KAZMUSEUM.KZ -  

Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күніне орай 2015 жылғы 28 қарашада ашық есік күндері өтеді. Бұл күні музей сағат 10.00-ден 21.00-ге дейін жұмыс істейді. Мерекеге орай Ұлттық музейге кіру тегін, деп хабарлайды kazmuseum.kz тілшісі.

Еске сала кетейік, Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі 2014 жылғы 2 шілдеде Елбасы Н.Назарбаевтың қатысуымен салтанатты түрде ашылды. Ұлттық музей – Орта Азия аймағы бойынша теңдесі жоқ ең ірі музей. Архитектуралық өлшеммен алғанда, музей ғимараты әлемнің ірі экспозициялары ондығының қатарында тұр. Қазіргі кезде музейде 200 мыңға жуық экспонат бар, оның 12 мың 840 экспозицияда орналастырылған.

Музейдің жалпы аумағы 74 мың шаршы метрді  құрайды, оның ішінде   экспозициялық алаң – 14 мың шаршы метр. Музейде Қазақстан тарихы, археологиялық алтын, этнография,  заманауи өнер, Астана тарихы бойынша экспозициялар орналастырылған.

1 қазандағы мәлімет бойынша, Ұлттық музейді 379 533 мың адам (2014 жылғы шілде-желтоқсан аралығында 124 618 адам, 2015 жылғы қаңтар-қазан аралығында 251 327 адам) тамашалады. Ал 18 мамыр Халықаралық музей күнінде өткен «Музейдегі түн» акциясы кезінде бір мезгілде музейді 23 мың адам келіп көрді.

2743 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper