Кештің басты кейіпкерлері енді ғана 16 жасқа толып, қолдарына өздерінің алғашқы жеке бас куәліктерін алып отырған Қазақстан Республикасының жас азаматтары болды.
Өскемендегі № 35 және № 38 орта мектептерінің өздерінің алғашқы куәліктеріне ие болған озат оқушыларын өнер музейінің қызметкері, журналист, жазушы, филология ғылымдарының кандидаты, Н.Ә.Назарбаевтың Қазақ КСР-ның Тұңғыш Президенті қызметіне кірісуіне арналған Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі сесиясының 1991 жылғы 10 желтоқсанда өткен салтанатты мәжілісіне қатысқан Айтмұхамбет Қасымов құттықтап, оларға ескерткіш сертификаттар мен өнер музейінің көрмелеріне жыл бойы тегін кіретін абонементтер тапсырды.
Куәлік алған жастарды, сондай-ақ Өскемен қалалық ішкі істер басқармасы көші-қон полициясы бөлімі бастығының орынбасары Қанат Бүкбаев, Өскемен қаласының Құрметті азаматы, жазушы, биология ғылымдарының кандидаты Борис Щербаков, «Мой город» қоғамдық қорының директоры, ҚР Құрметті журналисі, ақын Геннадий Пуссеп және басқалар құттықтап, өздерінің жылы лебіздерін білдірді.
Зоя Смирнова,
ШҚО өнер музейінің сектор меңгерушісі.