Анонс


«Ұлы Дала елінің археологиялық мұрасы» атты іс-шара өтеді Таңдаулы

Бейсенбі, 21 Қаңтар 2016 13:00
«Ұлы Дала елінің археологиялық мұрасы» атты іс-шара өтеді KAZMUSEUM.KZ -  

Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде «Ұлы Дала елінің археологиялық мұрасы» атты іс-шара өтеді, деп хабарлайды kazmuseum.kz тілшісі.  

Шара шеңберінде  Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі «Халық қазынасы» ғылыми-зерттеу институтының 2015 жылы жүргізген археологиялық зерттеулері, жәдігерлерді алғашқы консервациялау және Қазақстанның тарихи-мәдени мұра объектілеріне мониторинг жүргізу салаларында атқарған жұмыстары қорытындыланады.

«Халық қазынасы» ғылыми-зерттеу институтының еліміздің әр өлкесінде, тас дәуірінен ерте мемлекеттік құрылымдарға дейінгі мерзімдік шеңберді қамтитын археологиялық ескерткіштерге жүргізген 2015 жылғы далалық қазба жұмыстары нәтижесінде табылған жәдігерлерден уақытша көрме ұйымдастырылады. Көрме жұмысы 2016 жылдың 5-ші ақпанына дейін жалғасады.

Бұған қоса еліміздің археологиялық мұраларын зерттеу, мониторинг және сараптама жасау сынды өзекті мәселелерге арналған дөңгелек үстел отырысы өтеді. Оған археология саласының айтулы мамандары, Парламент Мәжілісінің депутаттары, Мәдениет және спорт министрлігінің өкілдері және қоғам қайраткерлері қатысады.  

Басқосу барысында археологиялық жәдігерлерді уақытында музейлерге тапсыру дәстүрінің жалғасы ретінде Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты Астана қаласы филиалының соңғы жылдардағы зерттеулері бойынша табылған жәдігерлерін Қазақстан Республикасы Ұлттық музейіне өткізуі шарасы ұйымдастырылады.  

Шара 2016 жылғы 22 қаңтарда сағат 10:00- де басталады. Көрмені тамашалау тегін.

 

 

 

 

 

 

 

2892 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper