Анонс


Археологтар үшін Түркияда жазғы мектеп ұйымдастырылады

Бейсенбі, 10 Сәуір 2025 00:38
Археологтар үшін Түркияда  жазғы мектеп ұйымдастырылады KAZMUSEUM.KZ -  

Түркияның Юнус Эмре институты «Түрік археологиясының Жазғы мектебі» жобасына  қатысуға шақырады, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты

Қойылатын талаптар:

Тіл: түрік немесе ағылшын тілі В2 деңгейінен кем емес және тіл деңгейі сертификатпен расталуы тиіс;

Ғылыми жұмыс: бірнеше журналдарда ғылыми жұмыстары жарияланған болуы;

Марапат: халықаралық ұйымдардан марапатының болуы;

Пікір: сала бойынша ғалымдардың ұсыным-пікірі;

Жасы: 20-45 жас аралығында болуы тиіс.

Құжат тапсыру: құжатты сайт арқылы 2025 жылғы 15 сәуірге дейін тапсыру қажет.

Жазғы мектеп мазмұны туралы: семинарлар, экскурсиялар, фильм көрсетілімдері, Чанаккале, Измир, Шанлыурфа, Газиантеп, Анкара және Стамбул қалаларына тур ұйымдастырылады.

Ұзақтығы: 2025 жылғы 17-31 шілде арасы.

Қаржылық мүмкіндіктер: халықаралық және Түркия ішіндегі жолақы, қонақ үй, үш мезгіл тамақтану, курс материалдары, музейге кіру билеттерін Түркия тарапы төлейді.

Тіркелу үшін: ТІРКЕЛУ ҮШІН ОСЫ СІЛТЕМЕНІ БАСЫҢЫЗ

224 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper