Анонс


Алматы қаласы музейлер бірлестігінің мамандары Түркияда тағылымдамадан өтті

Сейсенбі, 11 Наурыз 2025 09:51
Алматы қаласы музейлер бірлестігінің мамандары Түркияда тағылымдамадан өтті KAZMUSEUM.KZ -  

Алматы қаласы музейлер бірлестігінің мамандары Түркияның жетекші музейлерінде «ТҮРКСОЙ» Халықаралық ұйымының ұйымдастыруымен біліктілікті арттыру курстарынан өтті, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Музей мамандары Стамбул қаласында Археологиялық музейге, Түрік және ислам өнері музейіне, «Топкапы» және «Долмабахче» сарайларына барып, Орталық және аймақтық қалпына келтіру мен консервациялау зертханасының дәрістеріне қатысып, былғары, мата, ағаш, керамика және кілемдер сияқты әртүрлі материалдарды өңдеу және қалпына келтіру әдістерімен танысты.  

Сондай-ақ, Бірлестік қызметкерлері Түркиядағы ең ірі бес музейдің бірі Археологиялық музейді аралап, музей ісіндегі жарықтандыру жүйелері, залдардағы жарықтандыру құрылғылары және медиа-панельдер (media table) сынды заманауи технологиялар туралы пікір алмасты.

Анкарадағы бағдарлама аясында Мұстафа Кемал Ататүрік мавзолейі, 15 шілде – Демократия және ұлттық бірлік музейі, Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі музейі, Этнография музейі, Сурет және мүсін музейі, Шахмат музейлерінде экскурсиялар мен танымдық дәрістер ұйымдастырылды.

«Біз Алматы қаласы музейлер бірлестігімен жұмысымыз алдағы уақытта да жалғасын табады деп ойлаймын. Бұл бағдарлама – түркі халықтарының ортақ мәдени мұрасын сақтау және музей саласындағы халықаралық байланысты нығайту жолындағы маңызды қадам», - деді «ТҮРКСОЙ» Халықаралық ұйымының Бас хатшысы Сұлтан Раев

Тағылымдама соңында Алматы музейлер бірлестігінің қызметкерлері халықаралық «ТҮРКСОЙ» ұйымы мен Түркияның Мәдениет және туризм министрлігінің сертификаттарына ие болды.

Айта өтейік, біліктілікті арттыру курсы Алматы әкімдігінің бастамасымен Түркия Республикасының Мәдениет және туризм министрлігі мен «ТҮРКСОЙ» халықаралық ұйымының қолдауымен ұйымдастырылды.

194 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper