Жазғы мектеп жұмысына Қазақстан музейлерінің қызметкерлері тегін қатыса алады.
Музей мамандары үшін елімізде алғаш рет ұйымдастырылатын республикалық Жазғы мектептің мақсаты – жаңа әдістемелік алаң қалыптастыру арқылы мамандардың біліктілігін арттыру, кәсіби байланыс орнату, идеяларды жүзеге асыру үшін талқылауға мүмкіндіктер беру.
Маусымдық мектепке спикер ретінде музей саласының түрлі бағытында зерттеулер жүргізетін, біліктілігі жоғары мамандар шақырылып отыр. Олар дәрістер оқып, өздерінің тәжірибелерімен бөліседі.
Қатысушылардың іс-сапар шығындары жіберуші тараптан болады.
Сонымен қатар, қатысушылар үшін Түркістан қаласының туристік маңызы бар нысандарымен танысуға мүмкіндіктер орайластырылған.
Жоба соңында қатысушыларға сертификат беріледі.
Осыған орай, Жазғы мектепке қатысуға ниет білдірушілер 2023 жылғы 15 тамызға дейін turkestanmuseum@gmail.com электронды поштасына осы хаттың №1-қосымшасына сәйкес өтінімді жіберуі қажет.
Қосымша №1
Түркістан облыстық Мәдениет басқармасының «Ұлы Дала елі» орталығында 2023 жылғы 22-23 тамыз күндері өтетін
«Музей мамандарының Жазғы мектебі»
жобасына қатысуға
ӨТІНІМ
№ |
Қатысушы туралы мәліметтер |
|
1 |
Аты-жөні |
|
2 |
Жеке куәлік нөмірі |
|
3 |
Жұмыс орны |
|
4 |
Лауазымы |
|
5 |
Музей ісі бойынша еңбек өтілі |
|
6 |
Соңғы рет біліктілік арттыру курсынан өткен уақыты (күні, айы, жылы)
|
|
7 |
Жазғы мектеп туралы ақпаратты қайдан білдіңіз? (толтыру міндетті емес)
|
|
8 |
Жазғы мектептен қандай нәтиже күтесіз? (толтыру міндетті емес)
|
|
9 |
Егер билет алған болсаңыз Түркістан қаласына қай күні, сағат нешеде келесіз? Қандай көлікпен?
(билеті немесе көлігі бар болған жағдайда толтырылады. Билетті әзір алмаған болса да өтінімді жібере беруге болады) |
|
Жауабыңызды мына электронды поштаға жіберіңіз: turkestanmuseum@gmail.com
Электронды поштаны толтыру кезінде әріптерге (таңбаларға) мұқият болуыңызды сұраймыз.