Анонс


Ә.Қастеев атындағы Өнер музейі мен Kazmuseum.kz қоры біліктілік арттыру курсының қорытындысын жариялады

Сейсенбі, 16 Маусым 2020 17:19
Ә.Қастеев атындағы Өнер музейі мен Kazmuseum.kz қоры біліктілік арттыру курсының қорытындысын жариялады KAZMUSEUM.KZ -  

Ә.Қастеев атындағы Өнер музейі мен ҚР музейлерін ақпараттық-әдістемелік қолдауға арналған «Kazmuseum.kz» қоры музей қызметкерлері үшін 2020 жылғы 29 сәуір мен 10 маусым аралығында ұйымдастырылған online біліктілік арттыру курсының қорытындысын жариялады.

Музей қызметкерлері үшін барлығы 10 лекция оқылды. Қазақстанның әр өңірінен біліктіліктік арттыру курсына 106 маман қатысты. Олардың арасында мемлекеттік музейлер, ЖОО және мектеп музейлерінің мамандары бар.

Курс кезінде кері байланыс жауаптарына Ә.Қастеев атындағы Өнер музейі ұсынған ортақ нәтиже мынадай:

  1. Көптеген мамандар өздерінің функционалдық міндеттерін біле бермейді;
  2. Курсқа қатысушылардың арасында музей қорын қалай толықтыруды меңгермеген мамандар да байқалды:
  3. Қорды толықтыруға арналған комиссияның құрамы, басшылық етуші тұлға туралы сұрақтардан курс қатысушылары жиі қателескен;
  4. Ә.Қастеев атындағы Өнер музейінің қоры қалай жинақталғанын да көптеген маман білмейтіндігін көрсетті. Бұл жайлы курс кезінде бірнеше рет айтылған болатын;
  5. Сұрақтарға жауап жазу кезінде мазмұнын ашуға тырыспаған қатысушылар да кездесті.

Жоғарыда аталған қысқаша қорытындыны негізге ала отырып, финалға қатысқан 53 маман сұрақтарға 70% көлемінде дұрыс жауап бергенін байқауға болады. 

Курс кезінде ерекше білім мен белсенділік көрсеткен музейлердің қатарында Ә.Кекілбаев атындағы Маңғыстау тарихи-өлкетану музейі, Павлодар облыстық Көркемсурет музейі мен ШҚО Өнер музейі бар.

Ә.Қастеев атындағы Өнер музейі курсқа қатысқан 106 маманның 53-іне сертификат беруді ұйғарды. Сертификатқа ие болған мамандар тізімі (жеке тұлғалардың деректерін жарияламауды басшылыққа ала отырып, курсқа қатысушының тек фамилиясы ғана көрсетіледі. Бірдей фамилия болғанда елді-мекен атауы көрсетіледі):

1. Нуркеева

2. Утебаева

3. Тілеуқабыл

4. Елекенова

5. Тауасарова

6. Бекбаев

7. Сырымов

8. Кожахметова

9. Утегулова

10. Нажмеденова

11. Қуанышбекова

12. Джумағазиева

13. Жалғасбайқызы

14. Фазылова

15. Досбергенов

16. Рыскалиева

17. Абильдинов

18. Асылбекова

19. Байжігіт

20. Аширбаева

21. Таджибаева

22. Исабекова

23. Маратқызы

24. Пашко

25. Рахметова

26. Амаргазиева

27. Сагымбекова

28. Сарбасова

29. Жұмабайқызы

30. Бжицких

31. Куандыков

32. Кадысова

33. Бердібай

34. Сағынтай

35. Ходжаева

36. Жардемгалиева

37. Амантай

38. Жунбасова

39. Ахметова

40. Нурханова

41. Исмагулова

42. Сейдагалиева

43. Оразалиева

44. Беккулиева

45. Туленов

46. Алимбаева (Алматы обл.)

47. Ертасова

48. Алимбаева (Торғай қ.)

49. Жақсылыкова

50. Айдарбек

51. Шалманова

52. Омарова

53. Медешова

Қосымша тізіммен 57 адам (техникалық себептерге байланысты бұл тізімге 4 қатысушы енбей қалған. 20 шілдеде ақпарат жаңартылды). 

Жоғарыда аталған тұлғалардың куәліктері 20 маусымға дейін тіркелу анкетасында көрсетілген электронды пошталарына жіберіледі. Түпнұсқасын Нұр-Сұлтан қаласында карантин режимі толық аяқталған соң infokazmuseum@gmail.com почтасына хабарласып, курьер арқылы немесе келіп алуға болады. Тізімде көрсетілмеген өзге қатысушыларға сертификат берілмейді.

Ә.Қастеев атындағы Өнер музейі мен ҚР музейлерін ақпараттық-әдістемелік қолдауға арналған «Kazmuseum.kz» қоры курсқа қатысушы музей мамандарына алғысын білдіреді.

ТОЛЫҚТЫРУ:

Техникалық себептерге байланысты есімдері тізімге енбеген 4 маманға да куәлік берілді. 

 

3446 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper