Анонс


ONLINE КУРС: 9-ЛЕКЦИЯ «Туризмнің дамуындағы музейдің рөлі»

Сәрсенбі, 10 Маусым 2020 12:58
ONLINE КУРС: 9-ЛЕКЦИЯ «Туризмнің дамуындағы музейдің рөлі» KAZMUSEUM.KZ -  

Назарларыңызға Ә.Қастеев атындағы Өнер музейінің отандық музей қызметкерлері үшін өткізетін online тәртіптегі біліктілік арттыру курсының 9-видеолекциясын ұсынамыз.

Лекцияның тақырыбы: «Туризмнің дамуындағы музейдің рөлі». Лекцияны Ә.Қастеев атындағы Өнер музейінің директоры, профессор Гүлмира Кенжеболатқызы Шалабаева оқиды.

Ұзақтығы: 13 минут

Қатысушылар №2 қосымшаға сәйкес, бүгінгі лекцияны тыңдағаныңызды растайтын сауалнаманы 10 маусым күнгі 23.00-ге дейін infokazmuseum@gmail.com поштасына жолдау қажеттігін естеріңізге саламыз. Сағат 23.00-ден кейін қабылданбайды. Қосымша №2 сауалнама үлгісін мына жерден алуға болады: САУАЛНАМА №2

Келесі лекция 2020 жылғы 10 маусым күнгі (соңғы лекция) 15.00-де жарияланады.

11 маусым күні барлық қатысушыға сертификат алу үшін БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ жіберіледі.

Біліктілік арттыру курсының сертификаттары 15 маусымда тапсырылады.

2350 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper