Анонс


Музейлер арасында «Ұлы Дала өркениеті: тарих пен тағылым» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді

Дүйсенбі, 19 Қаңтар 2026 11:16
Музейлер арасында «Ұлы Дала өркениеті: тарих пен тағылым» атты  республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді KAZMUSEUM.KZ -  

Түркістан облыстық мәдениет басқармасының Түркістан облыстық «Ұлы Дала Елі» орталығы 2026 жылғы 26-27 наурыз күндері орталықтың ашылғанына 5 жыл толуына орай, «Ұлы Дала өркениеті: тарих пен тағылым» атты музейлер арасында республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

 

Конференция мақсаты Ұлы Дала өркениетінің тарихи, мәдени мұрасын зерделеу, оның рухани-тағылымдық мәнін ашу және музей кеңістігінде сақтау. Тарихи сабақтастық пен тағылымдық құндылықтарды насихаттау, сондай-ақ музей арқылы тарихи сананы қалыптастырудың заманауи бағыттарын талқылау.

Ұйымдастырушылар Қазақстан Республикасы бойынша барлық музей мамандарын, ғылыми қызметкерлерін, сондай-ақ осы тақырыпты зерттеумен айналысатын зерттеушілерді қатысуға шақырады.

Конференцияның негізгі бағыттары:

  • Ұлы Дала өркениеті – адамзат тарихындағы көшпелі мәдениеттің бірегей үлгісі;

  • Музей - Ұлы Дала өркениетінің тарихи жадысының сақтаушысы;

  • Жасанды интелект және цифрландыру дәуіріндегі тарихи мұраны зерттеу мен таныту, музейдегі жаңа мүмкіндіктер;

  • Музей мен туризм: Қазақстан жағдайындағы артықшылықтары мен проблемалары;

 

Конференция тілдері: қазақ, орыс.

Конференция жұмысы офлайн форматта өтеді: 

Конференция нәтижелері бойынша ғылыми еңбектер жинағын шығару жоспарлануда.

Конференцияға қатысу тегін. Қатысушылардың келіп кетуі, жатын орны шығындары өз есептерінен төленеді. Түскі ас, кешкі ас, экскурсиялар ұйымдастырушылар есебінен.

Конференцияға қатысуға өтінімдерді (№1 қосымша) ұсыну мерзімі және талаптарға сәйкес мақалалар (№2 қосымша)  2026 жылғы 1 наурызға дейін  төмендегі  почтаға  жіберулеріңізді сұраймыз: museum.ulydalaeli@gmail.com

Ескерту: Айтылған күннен кешіккен мәтіндер және конференцияның ғылыми деңгейіне немесе тақырыбына сәйкес келмейтін мәтіндер қабылданбайды.

 

1 қосымша

Өтінім формасы

Тегі, аты және әкесінің аты (толық)

 

Ғылыми дәрежесі, атағы

 

Қызметі

 

Мекеменің толық атауы

 

Ел, аймақ, қала

 

Телефон

 

E-mail

 

Мақала атауы (баяндама)

 

Жинақ электронды/қағаз түрінде(көрсету)

 

Қатысудың жоспарланған түрі (автордың келу, келмеуі нақты көрсетілуі керек)

 

Аппаратураға қажеттілік (проектор, ноутбук)

 

 

Байланыстар

Жалпы ұйымдастыру сұрақтары бойынша:

Тұрар Шамшатдинұлы Акимов – «Ұлы Дала Елі Орталығы» МКҚК-ның директор орынбасары

E-mail: freeman001@list.ru

 

Мақала бойынша сұрақтар:

Тауасарова Дилорам Рахимовна – E-mail:  museum.ulydalaeli@gmail.com

 

 

2 қосымша

ЖАРИЯЛАНЫМДЫ РӘСІМДЕУГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР:

Мақаланың көлемі 3 беттен аз - 8 беттен көп болмауы тиіс. Материалдар электрондық форматта, Word мәтіндік редакторында ұсынылады, барлық жолдар – 2 см, Times New Roman, өлшемі (кегль) – 14, жоларалық интервал – бір. Сілтемелер тік жақшадағы сандармен көрсетіледі. Жоғарыда автордың аты-жөні, музейінің атауы, қызметі. Бір жолдан соң бас әріптермен баяндаманың атауы берілуі керек.

Сілтемелер мен әдебиеттер тізімін рәсімдеу:

Мәтіндегі сілтемелер тік бұрышты жақшада әдебиеттер тізіміндегі нөмірі және беті ( мысалы, [3. 105]) келтіріледі. Әдебиеттер тізімі мақаланың соңында дәйеккөз реті бойынша орналастырылады. Беттерге нөмір қойылмайды.

777 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper