Конкурс мақсаты – 2026 жылғы биенналенің «In Minor Keys» тақырыбына сай келетін, тұжырымдамалық және көркемдік тұрғыдан біртұтас жобаны іріктеп, Қазақстанның қазіргі заманғы өнерін халықаралық деңгейде ұсыну. Конкурс кураторлық және зерттеу бастамаларын қолдауға, пәнаралық тәсілдерді дамытуға және жергілікті қауымдастықтармен ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған.
Қатысуға кемінде бес жылдық кураторлық тәжірибесі бар Қазақстан Республикасының азаматтары – жеке кураторлар мен кураторлық топтар шақырылады. Басымдық Қазақстанда тұратын және жұмыс істейтін үміткерлерге беріледі.
Қазақстанның Ұлттық павильоны «Музей милясы» деп аталатын өнер бағытының бойында орналасады. Көрме алаңы шамамен 250 шаршы метр және арт-объектілерді көрсетуге арналған ішкі ауласы (Courtyard) бар.
Өтінімдер хабарландыру жарияланған күннен бастап бір ай ішінде қабылданады. Қабылдау мерзімі – 2025 жылғы 9 желтоқсанға дейін. Конкурс нәтижесі 2026 жылғы 5 қаңтарда министрліктің ресми сайтында жарияланады.
Байқаудың толық шарттарымен «Құжаттар» бөлімінде танысуға болады. Сараптамалық қазылар алқасының құрамы байқау туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап 7 күн ішінде жарияланады.
Өтінімдер Info@kazakhstanpavilion2024.kz электронды поштасы арқылы қабылданады.
