Бұл жобаны Қазақстандағы Гете институты қолдады және қазіргі заманғы мәдениет саласындағы жаңа бастаған кураторларға арналады.
Онлайн-мектептің мақсаты – өнер саласында дербес жетілген, әлеуметтік маңызы бар көркемдік және зерттеу жобаларын құруға, қаржыландыру мен қажетті инфрақұрылымды іздеуге көмектесу.
Бағдарламада жазу, оқу, әңгімелеу, менеджмент және қазіргі заманғы өнер экономикасы, ой тарихы, зерттеу жобасын ұйымдастыру секілді оқыту модульдері бар.
Онлайн-мектеп арт-жобаларға жетекшілік етуді заманауи кәсіби тәжірибесіне енгізуге бағытталған. Оқытудың қорытындысы кәсіби кураторлар мен суретшілерге ұсынылатын жеке арт-жобаның дайын тұжырымдамасы болады.
Мектеп 17-30 маусым аралығында екі апталық интенсив форматында өтеді. Оқыту тегін, орындар саны шектеулі (10 қатысушыға дейін), жұмысқа қабылдау конкурстық негізде өтеді. Жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.
Қатысу үшін қажет:
- Мотивациялық хат жазу (200 сөз)
- «Дағдарыс кезіндегі Куратор» тақырыбында эссе немесе зерттеу жобасының/көрме жоспарын ұсыну (300 сөз)
- Түйіндеме және портфолио
Өтінімдер 28 мамырға дейін atyrauresidence.yemaa@gmail.com. электрондық поштасында қабылданады. Таңдалған қатысушылардың есімдері 1 маусымда жарияланады.
Кім қатыса алады:
- Тәжірибелі және жас кураторлар
- Өнерге байланысты мамандықтар бойынша оқитын студенттер
- Арт-кураторлыққа қызығушылық танытатын аралас мамандықтағы адамдар
Қатысушылар жасы: 22-45 жас.