Анонс


Орталық музейдің үздік мамандары марапатталды (ФОТО)

Дүйсенбі, 20 Мамыр 2024 20:01
Орталық музейдің үздік мамандары марапатталды (ФОТО) KAZMUSEUM.KZ -  

Қазақстанның іргелі музейі – ҚР Мемлекеттік Орталық музейі жыл үздіктерін жариялады, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Марапаттау салтанаты «Музей түні - 2024» акциясының аясында өтіп, музей ісінің дамуына үлес қосқан бірқатар қызметкер арнайы номинациялармен марапатталды. Атап айтқанда:

«Жылдың үздік әкімшілік басқару қызметкері – 2024» номинациясының иегері Бас қор сақтаушы Үміт Алиякпарқызы

«Үздік зерттеуші – 2024» номинациясының иегері бір жылдың ішінде 2 монография, 10 ғылыми мақала жариялаған Музейлік деректану және қолжазба бөлімінің жетекші ғылыми қызметкері Нұрлан Әділбекұлы Атығаев 

«Үздік бөлім меңгерушісі – 2024» номинациясының иегері Баспасөз бөлімінің жетекшісі Айнұр Мәулен

«Үздік лектор – 2024» номинациясының иегері Археология бөлімінің қызметкері Сабыржан Балмағамбет

«Үздік қор сақтаушы маман – 2024» номинациясының иегері Нұршат Нұрмұханбетқызы

«Үздік суретші-экспозиционер – 2024» номинациясының иегері Айгүл Мусина

«Жылдың үздік музей қараушы – 2024» номинациясының иегері Әсем Бекқызы

 

Айта өтейік, ҚР Мемлекеттік Орталық музейі – бастауын 1830 жылдары Орынборда құрылған музейден алатын, қоры бүгінгі күні 300 мыңнан асатын, Қазақстан музейлерінің арасында ғылыми жұмыстар бойынша көшбасшы ретінде танылған музей.  

578 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper