«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі өңірлердегі мәдени-демалыс ұйымдарының, музейлердің және кітапханалардың тәжірибе алмасуы, патриотизм мен ұлттық-мәдени бірлікті дамыту аясында халықтық мәдениетті насихаттау мен өңірлік мәдениет ұйымдары имиджін нығайту мақсатында ұйымдастырылып отырған «Рухани қазына - 2024» фестивалін ағымдағы жылдың 16-21 мамырында Қостанай өңірінде өткізу туралы шешім қабылдағанын жеткіземіз», - делінген хабарламада.
ТҮЗЕТУ: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің 2024 жылғы 10 мамырдағы хабарламасына сәйкес, фестивальдің өтетін уақыты кейінге шегерілді.