Анонс


КОНФЕРЕНЦИЯ: «Өзбекәлі Жәнібеков тағылымы: тарихи-мәдени мұра және музей ісін зерделеу мәселелері»

Бейсенбі, 06 Сәуір 2023 11:15
КОНФЕРЕНЦИЯ: «Өзбекәлі Жәнібеков тағылымы: тарихи-мәдени мұра және музей ісін зерделеу мәселелері» KAZMUSEUM.KZ -  

Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі «Өзбекәлі Жәнібеков тағылымы: тарихи-мәдени мұра және музей ісін зерделеу мәселелері» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өткізеді.

Конференция мақсаты – көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, белгілі ғалым Өзбекәлі Жәнібековтің қызметі мен шығармашылығын негізге ала отырып, қазіргі кезеңдегі музейтану, мәдениеттану, тарих, этнография, материалдық емес мәдени мұра, тарихи-мәдени мұра ескерткіштерін қорғау және пайдалану салаларындағы қазіргі кезеңнің өзекті әрі маңызды мәселелерін талқылау.

Конференция жұмысының негізгі бағыттары:

  • Ө.Жәнібеков және Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасы;
  • Қазақстанның музей ісі тарихы мен теориясына қатысты мәселелер;
  • Қор жинақтау, сақтау, насихаттаудағы тәжірибелер мен оның өзекті мәселелері;
  • Музейдің көрме-экспозиция жұмысы: заманауи әдістер мен технологиялар;
  • Музейдің мәдени-білім беру жұмысындағы инновациялық тәсілдер;
  • Музей менеджментіндегі заманауи шешімдер.

 

Конференцияға қатысуға шақырылатындар:

Музей және тарихи-мәдени мұра ескерткіштерін қорғау саласының мамандары, тарихшылар, этнографтар, мәдениеттанушылар, өнертанушылар, дәстүрлі және жаңа әдіснамаларды қолданатын гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдардың зерттеушілері және т.б.

Өтетін орны: Астана қаласы, Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі.

Өтетін уақыты: 2023 жылғы 6 қазан, сағ.10:00

Конференция тілі: қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде.

Конференция Астана қаласында, ҚР Ұлттық музейінде оффлайн және онлайн түрінде («ZOOM» платформасында) өтеді. Конференцияға келетін қатысушылардың қаржылық шығындары жіберуші (қатысушы) тараптан төленеді.

Конференцияға іссапарға жіберуші тараптың қаражаты есебінен келіп қатысуға немесе сырттай (жинаққа мақала жіберу арқылы) қатысуға болады.

Конференцияға қатысушылардың баяндамалары мен мақалалары жинақ болып шығады. Конференцияның Ұйымдастыру комитеті конференция тақырыбына немесе қойылатын талаптарға сәйкес келмейтін материалдарды қабылдамауға құқылы.

Конференцияға қатысу үшін баяндама мен мақалаларды, сондай-ақ жеке мәліметтерді төменде көрсетілген мекенжай бойынша 2023 жылғы 30 маусымға  дейін жіберу керек.

Қатысу үшін өтінім мен материалды бірге мына мекенжайға жіберулеріңізді сұраймыз: 010000 Астана қ., Тәуелсіздік даңғылы 54, ҚР Ұлттық музейі немесе электрондық пошта арқылы: museumcoordination@gmail.com

Ұйымдастыру комитеті: Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің Қазақстан музейлерін дамыту жөніндегі үйлестіру-әдістемелік орталығы.

 

Баяндама мәтіндерін ресімдеуге қойылатын талаптар:

1) Жариялау үшін материалдарды MS Word мәтіндік редакторында жасау керек (форматы *.doc немесе *.docx) .

2) Файлдардың атаулары – бірінші автордың тегі, аты, әкесінің аты бойынша (мысалы: Ахметов А.А.doc).

3) Аннотацияда атауын қайталамай, мазмұнын дәл көрсетуі керек: проблемалар, зерттеу әдістері, нәтижелер (100 сөзден артық емес).

4) кілт сөздер: кілт сөздер жиынтығы-10 сөзден аспайды.

5) барлық жағынан 2 см жиектер, мәтіннің ені бойынша туралау, аудармасыз, TimesNewRoman шрифті, 14 кегль, жоларалық интервал – бір, мәтіндегі азат жол – 1 см.

6) сол жақ жоғарғы бұрышына ӘОЖ қойылады. Төменде жұмыстың атауы бас әріптермен, қалың сызықпен, ортасында тураланады. Содан кейін шегініс бір бос жолға қойылады.

7) төменде ортасында – автордың(лардың) тегі және аты-жөні; төменде ортасында меншік нысаны мен тырнақшасы жоқ ұйымның толық атауы, қаласы көрсетіледі.

8) егер тең авторлар әртүрлі мекемелерді ұсынса, онда тегінен кейін бос орынсыз мекеменің реттік нөмірі жоғарғы индексте көрсетіледі. Мекемелер атауларының алдында жоғарғы индексте араб цифрларымен (бос орынмен) тиісті нөмір қойылады.

6) сол жақ жоғарғы бұрышына ӘОЖ қойылады. Төменде жұмыстың атауы бас әріптермен, қалың сызықпен, ортасында тураланады. Содан кейін шегініс бір бос жолға қойылады.

7) төменде ортасында – автордың(лардың) тегі(лері) және аты-жөні; төменде ортасында меншік нысаны мен тырнақшасы жоқ ұйымның толық атауы, қаласы көрсетіледі.

8) егер тең авторлар әртүрлі мекемелерді ұсынса, онда тегінен кейін бос орынсыз мекеменің реттік нөмірі жоғарғы индексте көрсетіледі. Мекемелер атауларының алдында жоғарғы индексте араб цифрларымен (бос орынмен) тиісті нөмір қойылады.

9) бір бос жолға шегінгеннен кейін негізгі мәтін шығады. Мәтіндегі әдебиеттерге сілтемелер - тік жақшада. Материалдардың соңындағы әдебиеттер тізімі көрсетіледі.

10) мақаланың көлемі 10 беттен аспауы тиіс.

Конференция тезистеріавторлықбасылымдажарияланады.

 

Баяндама мәтінін рәсімдеу үлгісі:

ӘОЖ 398.323

 

Тақырыбы

Ахметов Ахмет Ахметұлы,

лауазымы

Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі

 

Аннотация: Аннотация мәтіні. Аннотация мәтіні. Аннотация мәтіні. Аннотация мәтіні. Аннотация мәтіні.

Түйіндісөздер: 10 сөзденартықемес.

Мәтін. Мәтін. Мәтін [1, с. 35]. Мәтін. Мәтін. Мәтін. Мәтін. Мәтін. Мәтін. Мәтін. Мәтін. Мәтін. Мәтін. Мәтін. Мәтін. Мәтін. Мәтін. Мәтін. Мәтін. Мәтін. Мәтін. Мәтін. Мәтін. Мәтін. Мәтін.

 

Пайдаланылған әдебиеттерді ресімдеу төмендегі үлгіге сай болуы тиіс:

 

Әдебиеттер:

  1. Ертетүріктер: тарих және идеология очерктері. – Алматы: Дайк-Пресс, 2002. – 338 б.

Интернет ресурстар:

  1. Rijksmuseum Masterpieces Up Close [Электронды ресурс] / «Rijksmuseum музейінің ресми сайты». – Электрон.мәлімет. – Амстердам. – 2020. –   URL: https://www.rijksmuseum.nl/en/masterpieces-up-close (қаралған күні 03.08.2020).

 

Заң құжаттары:

  1. Музей қорын сақтау қағидалары туралы бұйрық: Ч. 1-4: ресми мәтін: 2020 жылғы 6 тамыз. – Астана:  «Әділет» базасы, 2020.

 

Жұмыс тілдері: қазақ, орыс және ағылшын.

 

ҚАТЫСУҒА ӨТІНІМ

«Өзбекәлі Жәнібеков тағылымы: тарихи-мәдени мұра және музей ісін зерделеу мәселелері» республикалық ғылыми-практикалық конференциясына

Астана қаласы, 2023 жылғы 6 қазан.

1

Аты-жөні (толық)

 

2

Мекеме аты (толық)

 

3

Мақала аты (толық)

 

4

Қатысу жоспарланған секция атауы

 

5

Қызметі  (толық)

 

6

Ғылыми атағы

 

7

Мемлекет, қала

 

8

Байланыс (мекенжай, телефон, e-mail)

 

9

№ жеке куәлігі, берілген күні (ішке өткізу үшін)

 

10

техникалық құралдарға қажеттілік

(мультимедиялық проектор және т.б.).

 

 

 

986 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper