Анонс


Ұлытауда халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді

Жұма, 24 Маусым 2022 00:44
Ұлытауда халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді KAZMUSEUM.KZ -  

«Ұлытау» ұлттық тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығы 2022 жылғы 25-27 тамыз аралығында «Алтын Орданың тарихи-мәдени мұрасы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Конференция мақсаты – Алтын Орданың материалдық және материалдық емес мұраларымен таныстыру, сақтау және насихаттау, ескерткіштерді сақтауды жақсарту бойынша шаралар әзірлеу, соның ішінде Қазақстанның халықаралық имиджін қалыптастыратын ішкі туризмді дамыту.

Ұйымдастырушылар Алтын Орда кезеңі тарихын зерттеумен айналысатын тарихшыларды, археологтарды, антропологтарды, мәдениеттанушыларды, этнографтарды, реставраторларды, сондай-ақ осы кезең мұрасын интерпретациялаумен айналысатын зерттеушілерді, туризм мамандарын қатысуға шақырады.

Материалдық және материалдық емес мұраларды зерттеудің түрлі мәселелерін талқылауды, сондай-ақ Ұлық Ұлыс және Алтын Орда кезеңдерінің ескерткіштерін танымал етуде тәжірибе алмасуды ұсынамыз:

  • Ұлық Ұлыс және Алтын Орда мемлекеттерінің әлеуметтік-саяси және мәдени тарихының заманауи интерпретациясы;
  • Дереккөздердегі Алтын Орда тарихының репрезентациясы;
  • Ұлытаудағы Ұлық Ұлыс тарихы мен мұрасы;
  • Алтын Орда кезеңінің археологиясы мен архитектурасындағы тарихи-мәдени мұра ескерткіштерін зерттеу және сақтау;
  • Ұлық Ұлыс және Алтын Орда материалдық және материалдық емес мұраларын зерттеудің мәселелері мен перспективалары, өзекті тәсілдемелері;
  • Ұлық Ұлыс және Алтын Орда ескерткіштерін қорғауды басқарудың жаңа тәсілдемелері;
  • Ұлық Ұлыс және Алтын Орда мұраларын құжаттау, мониторингтеу және танытудағы жаңа технологияларды пайдалану мәселесі;
  • Музейтану және экспозициялық тәжірибедегі Алтын Орданың мәдени мұрасы;
  • Ұлық Ұлыс және Алтын Орда тарихи-мәдени мұра ескерткіштерінің ішкі туризмнің тұрақты дамуындағы орны.

Конференция тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.

Конференция жұмысы аралас форматта өтеді: офлайн және онлайн.

Конференция нәтижелері бойынша ғылыми еңбектер жинағын жариялау жоспарлануда.

Конференцияға қатысу тегін. Жол жүру, тұру және тамақтану қатысушыларға өз есептерінен төленеді.

Конференцияға қатысуға өтінімдерді (№1 қосымша) ұсыну мерзімі және талаптарға сәйкес мақалалар (№2 қосымша) 2022 жылдың 1 тамызына дейін төмендегі email-ға жіберулеріңізді сұраймыз: altynorda2022@gmail.com

№ 1 қосымша

 

Өтінім формасы

 

 

 

Тегі, аты және әкесінің аты (толық)

.........................................................................................

Ғылыми дәрежесі, атағы

 

Қызметі

 

Мекеменің толық атауы

 

Ел, аймақ, қала

 

Мекеме мекен-жайы (индекспен)

 

Телефон

 

E-mail

 

Мақала атауы (баяндама)

 

Жинақ электронды/қағаз түрінде(көрсету)

 

Басқа авторлар

 

Қатысудың жоспарланған түрі (офлайн/онлайн)

 

Аппаратураға қажеттілік (проектор, ноутбук)

 

 

 

Байланыстар

Жалпы ұйымдастыру сұрақтары бойынша:

Нұрлан Қасымбеков – ҚР МСМ «Ұлытау» ұлттық тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығының» директоры

E-mail: alashahan-1@mail.ru

Tel.: +7 (71035) 2 13 42

Азат Асхатұлы – Ғылыми жетекші

E-mail: alashahan-1@mail.ru

 

№ 2 қосымша

 

ЖАРИЯЛАНЫМДЫ РЕСІМДЕУГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

Қолжазбада гуманитарлық ғылымдар саласындағы өзекті проблемалар бойынша қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі ғылыми зерттеулердің нәтижелері болуға тиіс.

Мақаланың көлемі 6-10 беттен тұрады. Материалдар электрондық форматта, Word мәтіндік редакторында ұсынылады, барлық жолдар – 2 см, Times New Roman, өлшемі (кегль) – 14, жоларалық интервал – бір. Сілтемелер тік жақшадағы сандармен көрсетіледі.

Студенттер мен магистранттардан мақалалар тек ғылыми жетекшімен бірлескен авторлықта қабылданады.

НАҚТЫЛАУ:

Автордың(лардың) аты-жөні – беттің ортасына туралау.

Ұйымның толық атауы, қаласы, елі (егер авторлар әр түрлі ұйымдарда жұмыс істесе, автордың фамилиясының және тиісті ұйымның жанына бірдей белгі қою қажет) туралау ортасында, курсивпен.

Автордың (лардың) е-mail – жақшада, курсивпен.

Мақала атауы – бет ортасында қалың қаріппен туралау.

Аннотация (100-200 сөз; мазмұны бойынша мақала атауын қайталамау; библиографиялық сілтемелерді қамтымау; мақаланың құрылымын сақтай отырып, мақаланың қысқаша мазмұнын көрсету – кіріспе, міндет, мақсат қою, тарих, зерттеу әдістері, нәтижелер/талқылау, қорытынды/тұжырым).

Түйін сөздер (5 сөз/сөз тіркесі). Түйін сөздер мақаланың негізгі мазмұнын көрсетуі, мүмкіндігінше тақырып атауы мен аннотация терминдерін қайталамауы, мақала мәтініндегі терминдерді пайдалануы тиіс.

Мақаланың негізгі мәтінінде кіріспе, міндет, мақсат қою, тарихы, зерттеу әдістері, нәтижелер/талқылау, тұжырым/қорытындылар – жоларалық интервал – 1, «қызыл жол» шегінісі – 1,25 см., теңестіру – ені бойынша болуы тиіс.

Кестелер, суреттер айтылғаннан кейін орналастырылуы керек. Әр суреттен кейін жазылуы болуы тиіс.

Жұмысты қаржылық қолдау туралы мәліметтер бірінші бетте сілтеме түрінде көрсетіледі.

Қосымша ақпарат (түсіндірме, терминнің аудармасы және басқа ақпарат) парақтан кейінгі сілтеме түрінде ұсынылуы мүмкін.

 

Әдебиеттер тізімі

Мәтінде сілтемелер тік жақшада көрсетіледі. Сілтемелер мәтіндегі сілтеме реті бойынша қатаң нөмірленуі тиіс. Мәтіндегі әдебиетке бірінші сілтеменің нөмірі [1], екіншісі - [2] және т.б. болуы тиіс. Мақаланың негізгі мәтініндегі кітапқа сілтеме пайдаланылған беттерді көрсетумен қоса берілуі тиіс (мысалы, [1, 45]).

Әдебиеттер тізімін рәсімдеу үлгісі (МЕМСТ 7.1-2003 «Библиографиялық жазба. Библиографиялық сипаттама. Құрастырудың жалпы талаптары мен ережелері»):

  1. Бобров Л. А. Казахская тактика ведения боя в конном строю в конце XV – XVI вв. // Война и оружие. Новые исследования и материалы. Ч.I. СПб: «ВИМАИВиВС», 2013. С. 231–258doi: …(болған жағдайда) – журнал мақалалары
  2. Оразбек Е.Ж. Некоторые топонимы Улытауского региона // «Тарихи-мәдени мұра және заманауи мәдениет» халықаралық ғылыми-тәжірибелік семинарының материалдар жинағы/ Сборник материалов международного научно-практического семинара «Историко-культурное наследие и современная культура» (КазНИИ по проблемам культурного наследия номадов/ Proceedings of the International Scientific-Practical Seminar «Historic-Cultural Heritage and Modern Culture», г. Алматы, 30.11.2012 г.) – Алматы: ServicePress, 2012.– С. 204-208.  – конференция еңбектері.
  3. 3.    Букиров С. Сувениры из ГДР. Джезказганская правда, 1978 №15 (2)  – газет мақалалары.
  4. Сабитов Ж. М. Калмаки Восточного Дашт-и Кыпчака в XIV-XVI веках [Электронный ресурс] // История Казахстана. Международный научно-популярный исторический журнал: [сайт]. URL: http://yandex.ru/clck/jsredir?from=yandex.ru (дата обращения 15.03.2015) – ғаламтор көздері.

5. Моисеев В. А. Джунгарское ханство и казахи XVII-XVII вв. Алма-Ата: «Гылым»,1991. - 240 с.– кітап.

 

Мақаланы рәсімдеу үлгісі

ӘОЖ 304

ББК 79.0

Л.Б. Бакытова 1, А.У. Бирмуханова2

1Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті, «Мәдениеттану» мамандығы бойынша phd докторант, Нұр-сұлтан, Қазақстан (bakytova17leila@gmail.com)

2Жезқазған тарихи-археологиялық музейі, Жезқазған, Қазақстан (altinai_by@mail.ru)

 

 

Авторлық туристік маршруттарды әзірлеудегі аймақтың ландшафтық зерттеулер орны: Қазақстанның аймақаралық «ғарыштық туристік маршруты»

Аннотация. 100-200 сөз

Түйін сөздер: 5-7

Ұсынылған туристік бағыт «ҚР БҒМ гранттық қаржыландыру «АР08856485 «Ғарыш» Қазақстанның мәдени ландшафтында: әлеуметтік және мәдени өлшем» жобасы бойынша зерттеудің нәтижесі болып табылады, 2020-2022 жж.

Негізгі мәтін

Дереккөздер мен әдебиеттер тізімі:

 

 

 

 

* Ұйымдастыру комитеті баяндамаларды қабылдамауға құқылы.

 

 

БАСТЫ ФОТО: INFORM.kz сайтынан алынды.

 

 

 

 

1527 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper