Анонс


«Рухани қазына» фестивалінің музей ісі бойынша жеңімпаздарының тізімі жарияланды

Жексенбі, 22 Мамыр 2022 00:31
«Рухани қазына» фестивалінің музей ісі бойынша жеңімпаздарының тізімі жарияланды KAZMUSEUM.KZ -  

Түркістанда «Рухани қазына – 2022» мәдениет және өнер ұйымдары мен қызметкерлерінің республикалық фестивалінің марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Музей ісі бойынша жеңімпаздардың тізімін назарларыңызға ұсынамыз:

- «Үздік облыстық маңызы бар музей» номинациясы бойынша «Мұхамеджан Тынышпаев атындағы Алматы облыстық тарихи-өлкетану музейі» 1 000 000 (бір миллион) теңге;

- «Үздік аудандық (қалалық) маңызы бар музей» номинациясы бойынша Қызылорда облыстық тарихи- өлкетану музейінің филиалы Арал ауданық тарихи-өлкетану музейінің  «Балықшылар бөлімі» 1 000 000 (бір миллион) теңге;

-  «Үздік ауылдық маңызы бар музей» номинациясы бойынша  Алматы облысы, «Саяси қуғын-сүргін құрбандары музейі»  1 000 000 (бір миллион) теңге;

-  «Үздік мәдениет, өнер музейі» номинациясы бойынша Түркістан облысы, «Бейнелеу өнері музейі» 1 000 000 (бір миллион) теңге;

-   «Үздік атаулы (мемориалдық) музей» номинациясы бойынша  Ақмола облысы «Мәлік Ғабдуллин музейі» 1 000 000 (бір миллион) теңге; 

- «Балаларға арналған үздік музейлік жоба – 2022»  номинациясы бойынша   Ақтөбе облысы, Шығанақ Берсиев атындағы Ойыл аудандық «Өнер және өлке тарихы музейі» «Жас археолог» үйірмесі 500 000 (бес жүз) теңге;

- «Үздік облыстық маңызы бар музей қызметкері» номинациясы бойынша «Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі» қызметкері Тлекқабылов Ерлан Коныскерұлы 500 000 (бес жүз мың) теңге;

-  «Үздік аудандық (қалалық) маңызы бар музей қызметкері» номинациясы бойынша Қарағанды облысы «Жезқазған тарихи-археологиялық музейі көрме залымен», қызметкері Исатаев Ерғазы Кеңесұлы, 500 000 (бес жүз мың) теңге;

- «Үздік ауылдық маңызы бар музей қызметкері» номинациясы бойынша Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінің «Қобда аудандық секторының» меңгерушісі Ерғалиева Гүлбаршын Сағалиқызы 500 000 (бес жүз мың) теңге;

- «Мұхтар Әуезовтың 125 жылдығы құрметіне музейлер арасында» номинациясы бойынша Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінің экскурсоводы Срымова Жанаргуль Аблайқызы  500 000 (бес жүз мың) теңге;

-   «Үздік креативті музейлік жоба» номинациясы бойынша «Алматы қаласы музейлер бірлестігі»  Д.А. Қонаев атындағы музей 300 000 (үш жүз мың) теңге;

-  «Үздік музейлік реставратор – 2022» номинациясы бойынша Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінің қорларды ғылыми зерттеумен қамтамасыз ету бөлімінің суретші-қалпына келтірушісі Атыраубаев Болат Төлеубайұлы 300 000 (үш жүз мың) теңге;

- «Үздік экскурсия жүргізуші – 2022» номинациясы бойынша Түркістан облыстық «Ұлы Дала Елі орталығы» жалпы экскурсия бөлімінің экскурсия жүргізушісі Таусарова Дилорам Рахимовна 300 000 (үш жүз мың) теңге;

-  «Үздік балаларға арналған музейлік жоба авторы» номинациясы бойынша Қостанай облысы «Торғайдың Жангелдин мұражайлар кешені» директоры Сәрсекей Гульбану Кулетқызы 300 000 (үш жүз мың) теңге;

-   «Үздік қор жинақтаушысы – 2022» номинациясы бойынша Түркістан облысы, «Руханият Әбу Нәсір Әл-Фараби музейі»,  Қордағы ғылыми-зерттеуді қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі Әбжаппар Жанболат Оралбайұлы 300 000 (үш жүз мың) теңге;

- «Үздік экспозиционер – 2022» номинациясы бойынша Қарағанды облысы, «Теміртау қалалық тарихи-өлкетану музейі», суретші-безендірушісі Мустафина Хайниса Рахимжанқызы 300 000 (үш жүз мың) теңге;

-  «Дипломмен ауылға» арнайы бағдарламасы бойынша келген мәдениет ұйымының үздік жас маманы» номинациясы бойынша «Г.Н. Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейі» «Шарбақты тарихи-өлкетану музейі» Бухаидзе Александр Константинович   танылып 300 000 (үш жүз мың) теңге.

Айта өтейік, «Рухани қазына» фестивалі биыл бесінші рет өтіп, музей ісі бойынша қазылар алқасының құрамында «Бозоқ» музей-қорығының директоры Сәуле Бөкейханқызы Бөрібаева, «Есік» музей-қорығының директоры Гүлмира Райылқызы Мұхтарова, ҚР Мәдениет ісінің үздігі, музейтанушы Нұрсерік Жолбарысұлы Жолбарыс, ҚР Ұлттық музейінің ғалым-хатшысы Саялбек Ғиззатов, «Мәдениеттерді жақындастыру орталығы» мемлекеттік музейі директорының орынбасары Айбек Жексеналыұлы Сыдықов қазылық етті.  

2575 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper