Анонс


БОС ЛАУАЗЫМҒА КОНКУРС: «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығы директорының бос лауазымына орналасуға конкурс

Сәрсенбі, 20 Сәуір 2022 00:38
БОС ЛАУАЗЫМҒА КОНКУРС: «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығы директорының бос лауазымына орналасуға конкурс KAZMUSEUM.KZ -  

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны директорының бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.

1. Функционалдық міндеттері:

Мекеменің өндірістік, әкімшілік-шаруашылық және қаржылық-экономикалық қызметіне басшылық жасайды, ұйым мүлкін сақтау және тиімді пайдалануды бақылауды жүзеге асырады, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;

ұйымның саясаты мен стратегиясын белгілейді, оның бөлімшелерінің музей қорын қалыптастыру, сақтау бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасының тарих және мәдениет ескерткіштерін мемлекет және қоғам мүддесі үшін қорғау және пайдалану бойынша жұмысын үйлестіреді;

музейдің (музей-қорықтың) жоспарларын, бағдарламалары мен жобаларын жасау және жүзеге асыруға басшылық етеді, қызмет бағыттары бойынша олардың орындалуы жөнінде құрылымдық бөлімшелердің жұмысын үйлестіреді;

ғылыми-зерттеу қызметіне жетекшілік етеді, Қазақстан халқының мәдени құндылықтарын, тарихи-мәдени мұрасын насихаттау мен дәріптеуге бағытталған іс-шаралардың өткізілуін қамтамасыз етеді;

Қазақстан Республикасының және шет елдердің мәдениет және өнер ұйымдарымен ынтымақтастықты қамтамасыз етеді;

ұйымды білікті кадрлармен қамтамасыз ету, олардың кәсіби білімдері мен тәжірибесін дамыту, еңбек жағдайларын жасау, ұжымда жайлы психологиялық ахуалды қалыптастыру бойынша шараларды қолданады;

директордың орынбасарлары, құрылымдық бөлімшелер мен филиалдардың жетекшілері мен мамандары арасында жұмыстың жекелей бағыттарын бөледі;

шарттарды жасайды және бұзады, мәмілелер жасайды, сенімхаттар береді, қажетті есептілікті ұсынуды қамтамасыз етеді, бұйрықтар шығарады, сотта, мемлекеттік органдарда және өзге ұйымдарда ұйымның мүддесіне өкілдік етеді;

еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі талаптарының орындалуын бақылауды қамтамасыз етеді.

2. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Педагогикалық ғылымдар (гуманитарлық пәндер бойынша) және/немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар және/немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат (мәдениеттану) және/немесе бизнес, басқару және құқық (экономика, құқықтану) және/немесе инженерлік, өңдеу және құрылыс саласы (сәулет, құрылыс, машина жасау) және/немесе қызметтер (туризм) бағыттары бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мамандығы бойынша мәдениет ұйымдарында басшылық персонал лауазымдарда 5 жылдан кем емес жұмыс өтілі.

3. Білуі тиіс:

1995 жылғы 30 тамыздағы Қазақстан Республикасының Конституциясын;

2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін;

1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiн;

2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін;

2014 жылғы 5 шілдедегі «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі (бұдан әрі – Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі);

2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексін;

Қазақстан Республикасының заңдарын:

1996 жылғы 10 маусымдағы «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы»;

2006 жылғы 15 желтоқсандағы «Мәдениет туралы»;

2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы»;

2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы»;

2015 жылғы 4 желтоқсандағы «Мемлекеттік сатып алулар туралы»;

2019 жылғы 26 желтоқсандағы «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы».

4. Конкурсқа қатысуға үміткер тұлға конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімде мынадай құжаттарды ұсынады:

1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме;

3) еркін нысанда жазылған өмірбаян;

4) білімі туралы құжаттардың көшірмесі (қосымшаларымен);

5) еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылданғаны және еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың көшірмелері;

6) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы туралы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелді бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.

Конкурска қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жариялымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.с.) бере алады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау хабарландыру бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған сәттен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде жүргізіледі (Министрліктің жариялаған уақыты: 2022 жылғы 18 сәуір).

Құжаттар қолма-қол немесе почта арқылы: Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы 8, «Министрліктер үйі» ғимараты, 15-кіреберіс, 314 кабинет мекенжайы бойынша қабылданады.

Толық ақпаратты +7 (7172) 74-02-52, 74-06-20 телефондары бойынша алуға болады.

2664 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper