Анонс


«Ақынжанов оқулары – 2022» өтеді

Жексенбі, 20 Ақпан 2022 01:22
«Ақынжанов оқулары – 2022» өтеді KAZMUSEUM.KZ -  

Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты 2022 жылғы 20-22 сәуірде «Ақынжанов оқулары – 2022» студенттер мен жас ғалымдардың кезекті халықаралық ғылыми конференциясын өткізеді, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Конференция жұмысын келесі бағыттарда өткізу жоспарлануда:

  1. ТАРИХНАМА, АРХЕОЛОГИЯНЫҢ ТЕОРИЯСЫ МЕН ӘДІСТЕМЕСІ;
  2. ТАС ДӘУІРІ;
  3. ЕРТЕ МЕТАЛЛ ДӘУІРІ;
  4. ЕРТЕ ТЕМІР ДӘУІРІ;
  5. ОРТАҒАСЫРЛАР ЖӘНЕ ЖАҢА ЗАМАН;
  6. ЭТНОЛОГИЯ;
  7. МУЗЕЙТАНУ ЖӘНЕ МӘДЕНИ МҰРАНЫ ҚОРҒАУ.

Конференцияның жұмыс тілі: қазақ, орыс, ағылшын.

Сөйлеу регламенті: баяндама – 15 минутқа дейін, хабарлама –5 минутқа. дейін.

Конференция өткізу шеңберінде ЮНЕСКО тізіміне енген ортағасырлық Талғар қала жұртына, ерте темір дәуірінің «Есік» қорымына экскурсияға шығу жоспарлануда.

Конференцияны Zoom платформасында қашықтан әріптестерді қосу арқылы офлайн форматта өткізу жоспарлануда. 

Конференцияға қатысушылардың шығыны жіберуші тараптан қаржыландырылады.

Конференцияға қатысу үшін жіберілетін өтінім мен жарияланатын материалдар 2022 жылғы 25 наурызға дейін қабылданады.

Ұйымдастыру комитеті:

Мусаева Райхан Серікқызы – Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының Жас ғалымдар кеңесінің төрағасы, PhD докторант;

Казизов Ерлан Сатыбалдиевич – Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының Ерте метал дәуірінің археологиясы  бөлімінің ғылыми қызметкері;

Ахияров Ислам Кизаметдинович – Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының Ерте темір дәуірінің археологиясы бөлімінің кіші ғылыми қызметкері;

Бесетаев Бауыржан Беркенұлы – Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ археология, этнология және музеология кафедрасының аға оқытушысы;

Ерғабылов Ақбар Ерболұлы – Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ археология, этнология және музеология кафедрасының оқытушысы;

Досым Зікірия – «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы директорының орынбасары.

Өтінімдер argin_rr@mail.ru электрондық адресі бойынша қабылданады.

Тезистер argin_rr@mail.ru, cus_ia@mail.ru электрондық адрестерінде қабылданады.

Хаттың атауында «Ақынжанов оқулары – 2022» деп көрсету қажет. Өтініш пен мақала файлы бірінші автордың фамилиясы және атымен аталуы керек (Мусаева РС_өтініш.doc; Мусаева РС _мақала).

Өтінім формасы 

1. Тегі, аты, әкесінің аты (толықтай);

2. Баяндама тақырыбы;

3. ЖОО немесе ғылыми мекеме (толықтай), факультеті, курсы;

4. Ғылыми жетекшінің тегі, аты, әкесінің аты, ғылыми дәрежесі және қызметі;

5. Бағыты, баяндама атауы;

6.Баяндама презентациясының формасы және қажет техникалық құрылғы (презентацияға заманауи компютерлік технологияны пайдалануға ұсыныс береміз).

7. Байланыс адрестері, факс, телефоны, e-mail.

 

Тезисті рәсімдеуге қойылатын талаптар 

1. Мәтін көлемі 5 бетке дейін (әдебиеттер тізімі мәтін көлеміне кірмейді) WinWord-та (doc рұқсаты бар).

2. Суреттер – А4 парақта 1 беттен аспау қажет, JPG немесе TIFF форматта жеке жіберіледі 300 dpi рұқсатынан кем емес.

3. Автордың Т.А.Ә. жоғарғы оң жақ бұрышта, бір жол төмен қаласы, ЖОО (толықтай), курсы.

4. Ғылыми жетекшінің Т.А.Ә., ғылыми дәрежесі және қызметі  мәтіннен кейін курсивпен әдебиеттер тізіміне дейін  жазылады.

Керек емес: табуляция жасау; сөздерді бөлу (сөздердің арасында, белгілердің арасында тек бір бос орын болуы тиіс); абзацтарды бос жолмен бөлу; автоматты режимде орындалатын командаларды пайдалану (әдебиетке түсіндірме, гиперсілтемелер мен ескертулерді қою, абзацтарды таңбалау және нөмірлеу және т.б.); мәтінді үлгі түрінде сақтау және "тек оқу үшін" деп сақтау. Көрсетілген өлшем бірліктері ӨҚ жүйесіне сәйкес болуы тиіс. Мәтінде суреттер, кестелер мен әдебеиттерге сілтеме домалақ жақшада: сур. 1,3; 2, 1), (кесте 1), (Марғұлан, 1982, б 47, сур.1, 1).

Тезистің соңында әдебиеттер тізімі алфавит ретімен, түйін және кілт сөздер орналасады.

Ұйымдастыру комитеті конференция тақырыбына сәйкес келмейтін немесе көрсетілген талапқа сай емес материалдарды қабылдамау құқығын өзіне қалдырады.

1733 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper