Анонс


«Ботай» музей-қорығы оқушылар арасында республикалық байқау өткізеді

Жұма, 19 Қараша 2021 16:57
«Ботай» музей-қорығы оқушылар арасында республикалық байқау өткізеді KAZMUSEUM.KZ -  

«Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған мектеп оқушылары (7-9 сыныптар) арасындағы  «Ботай – мыңжылдық жолымен» шығармалар (эссе) байқауын өткізеді, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Байқау ережесі 

Жалпы ережелер

Мақсаты: Ботай мәдениетінің бірегей археологиялық ескерткішін насихаттау; өз Отанына деген сүйіспеншілік, оның тарихы мен мәдениетіне құрмет сезімін тәрбиелеу.

Міндеттері:

- білім беру орындары оқушыларының тарих білімін жетілдіру;

- эстетикалық талғамды, патриоттық және азаматтық сезімдерді тәрбиелеу;

- туған өлкенің тарихи-мәдени нысандарын насихаттауда жастардың белсенді азаматтық ұстанымы мен тұлғалық белсенділігін қалыптастыру.

Байқаудың ұйымдастырушылары: Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің «Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК

Байқаудың қатысушылары: білім беруорындарының 7-9 сынып оқушылары

Шығарманы рәсімдеу бойынша ұсыныстар:

- оқу пәндері: қазақ және орыс тілдері, әдебиет, тарих;

- титулдық бетте көрсетіңіз: жұмыстың тақырыбы, шығарма авторы және сыныбы, жұмыс жетекшісінің аты-жөні, байланыс телефоны;

- А-4 форматындағы 5 беттен артық емес, Times New Roman шрифті, шрифт өлшемі  14, жолдар арасындағы интервал бір жарым интервал болуы керек;

- иллюстрацияларды пайдалану мүмкіндігі.

Қатысушы байқауға өз жұмысын, сондай-ақ электронды түрде JPEG форматындағы 3*4 өлшемді жеке фотосуретін ұсынуы қажет. Байқауға ұжымдық жұмыстар жіберілмейді (шығарманың бір ғана авторы және бір жетекшісі болуы керек).


Өткізу мерзімі мен тәртібі 

Байқау 2021 жылдың 15 - 29 қарашасы күндері (қоса есептегенде) аралығында өтеді.

Білім беру мекемесі белгіленген тәртіппен берілген туындыны 2021 жылғы 29 қараша күніне дейін «Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі» РМҚК-на жібереді.

Әр оқу орнының байқау жұмыстары «Шығармалар байқауы» деген белгі қойылып, rgkp.botai_museum@mail.ru , botai_gid@mail.ru электронды пошталарына жіберіледі.

Бағалау критерийлері: 

Тұжырымдамалық тұтастық – айтылған ойдың негізділігі мен тақырыпты талдаудың тереңдігі көрсетілген, автор ұстанымдарының жүйелілігі мен дәлелділігі атап өтілетін шығармаларға қолдау көрсетіледі.

Жаңашылдық, идеяның дербестігі, тәсілі – қарастырылып отырған тақырыпқа автордың өзіндік көзқарасымен ерекшеленетін стандартты емес шығармалар құпталады.

Қамту аясының кеңдігі мен жалпы эрудиция – бұл тақырыптың жан-жақтылығы мен көзқарасының кеңдігін, автордың жалпы эрудициясын танытатын шығармалар.

Көркем мәнерлілік, айқындылық, бейнелілік – критерий авторлардың зияткерлік, шығармашылық әлеуетін, өз ойы мен пікірлерін жеткізе білу қабілетін бағалауға мүмкіндік береді.

Баяндау сауаттылығы.


Байқауды қорытындылау: 

Байқау қорытындысын шығару бағалау критерийлеріне сәйкес әрбір қатысушы бойынша жеке жүргізіледі.

Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталады:

Гран-при – 1 қатысушы

1 орынға – 1қатысушы

2 орынға – 1 қатысушы

3 орынға – 1 қатысушы

Байқау қорытындысы қазылар алқасының 2021 жылдың желтоқсан айындағы сараптамалық бағалауының қорытындысы бойынша шығарылады.

Байланыс ақпараттары:

СҚО Айыртау ауданы, Саумалкөл а., Достық көшесі, 15а

Байланыс телефоны: +777540052208, (71533) -21-880;  сағ. 9:00-18:00

Жауапты тұлға: Амирова Сабина Каримовна

Электронды пошта: rgkp.botai_museum@mail.ru,  botai_gid@mail.ru

2227 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper