Анонс


«Үздік экскурсовод-2021» конкурсы өтеді

Сейсенбі, 20 Сәуір 2021 20:07
«Үздік экскурсовод-2021» конкурсы өтеді KAZMUSEUM.KZ -  

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және 18 мамыр – Халықаралық музейлер күніне орай Алматы қаласының музейлер бірлестігі «МузейFEST-2021» республикалық онлайн-акциясы аясында «ҮЗДІК ЭКСКУРСОВОД» конкурсын өткізеді.

1. Жалпы ережелер 

1.1. Экскурсия – туристтің немесе экскурсанттың рухани, эстетикалық, ақпараттық және басқа да танымдық қажеттіліктерін қанағаттандыруды қамтамасыз ететін туристік қызмет.

1.2. Осы Ереже «МузейFEST-2021» республикалық онлайн-акциясы (бұдан әрі - Конкурс) шеңберінде үздік экскурсоводқа конкурс өткізудің мақсатын, міндеттерін, тәртібі мен шарттарын айқындайды.

1.3. Конкурсты ұйымдастырушы «Алматы қаласы музейлер бірлестігі» КМҚК (бұдан әрі - Бірлестік) болып табылады.

1.4. Конкурсқа қатысушылардың өздері таңдап алған Қазақстанның өңірлік және мемориалдық музейлерінің кез келген тақырыптық экскурсиялары ұсынылуы мүмкін.

 

2. Байқаудың мақсаттары 

2.1. Тарихи-мәдени кеңістікті игеру арқылы музей қызметкерінің мәдени және білім деңгейін арттыру, жастардың бойында азаматтық пен патриотизм сезімін, туған өлкенің тарихы мен мәдениетін құрметтеу мен ұқыпты қарауға тәрбиелеу;

2.2. Экскурсияларды ұйымдастыру бойынша практикалық қызметке тартуға ықпал ету;

2.3. Экскурсия өткізу кезінде қауіпсіздік деңгейін арттыруға ықпал ету;

2.4. Экскурсиялық қызметтің дамуына ықпал ету;

2.5. Ең үздік экскурсоводты анықтау.

3. Байқаудың міндеттері

 

3.1. Мәдени-тарихи мұраны зерттеу және сақтау;

3.2. Экскурсияларды ұйымдастыру бойынша практикалық қызметке қызығушылықты ынталандыру;

3.3. Оқытудың жобалау-зерттеу әдістерін жетілдіру және дамыту;

3.4. Экскурсоводтардың қарым-қатынас дағдыларын дамыту және жетілдіру, сөйлеу мәдениетін жетілдіру;

3.5. Экскурсоводтардың актерлік шеберлігі мен шешендік дағдыларын дамыту;

3.6. «Экскурсовод» мамандығын танымал ету.

4. Қатысушылар 

4.1. Конкурсқа Қазақстанның өңірлік және мемориалдық мұражайларының экскурсоводтары қатыса алады.

  

5. Конкурсты өткізу тәртібі мен шарттары 

5.1. Конкурс 2021 жылғы 19 сәуір мен 17 мамыр аралығында өткізіледі. (2021 жылғы 19 сәуірден бастап 30 сәуірге дейін – дайындық кезеңі, 01 мамырдан бастап 10 мамырға дейін – материалдарды қабылдау)

5.2. Конкурс онлайн форматта өтеді, материалдар (тақырыптық бейнеэкскурсия, қатысушы туралы мәліметтер – жеке мәліметтер, жұмыс орны, жұмыс өтілі, өзі туралы қысқаша әңгіме) электрондық поштаға жіберіледі museumfest2021@mail.ru

5.3. Қатысушы туралы мәліметтер көлемі бір А4 парақтан аспайтын көлемде толтырылады, WORD форматы, Times New Roman қарпі, 14 кегль, қатысушының фотосуреті қоса беріледі.

5.4. Қатысушылар 3 минуттық тақырыптық бейне-экскурсия жасап, 2021 жылдың 10 мамырынан кешіктірмей электрондық поштаға жіберуі тиіс.

5.5. «Алматы – Тәуелсіздік бесігі» тақырыбында Алматының тарихи-мәдени маңызы бар ескерткіштері туралы 3 минуттық бейнепрезентация дайындау.

5.6. Байқау комиссиясы 2021 жылдың 14 мамырына дейін 1, 2 және 3 орын алған экскурсоводтарды анықтайды.

5.7. Тағы бір жүлдегерді – «Жеңіске деген жігері үшін» жүлдесінің иегерін байқау ұйымдастырушысы анықтайды.

5.8. Жеңімпаздарды салтанатты марапаттау 2021 жылғы 18 мамырда өтеді.

5.9. Конкурсқа материалдар мемлекеттік немесе орыс тілдерінде ұсынылады.

 

6. Конкурстық жұмысты ресімдеуге қойылатын талаптар 

6.1 Смартфонға түсіру кезінде ролик көлденең күйде түсірілуі тиіс. Ұзақтығы 3 минуттан аспайды. Роликке музейдің атауы, қатысушының тегі, аты, әкесінің аты, экскурсия тақырыбы көрсетілген титрлар қойылуы тиіс. Қажет болған жағдайда басқа титрға рұқсат беріледі.

6.2 Электрондық мекен жайға жіберу кезінде «Үздік экскурсовод» конкурсына белгі қою міндетті. Сонымен қатар WhatsApp   +7 778 882 24 46 номеріне құжаттар жіберілгендігі туралы хабарлау қажет

 

7. Конкурсқа қатысушылардың жұмыстарын бағалау критерийлері 

7.1. Регламентті сақтау;

7.2. Экскурсияны құрудың қисындылығы;

7.3. Шығармашылық тәсіл, экскурсия тақырыбын меңгеру;

7.4. Материалды ұсыну және жеткізу формасы;

7.5. Өз экскурсиясын қысқаша және қызықты түрде ұсына білу;

7.6. Сөйлеу мәдениеті;

7.7. Көрсету және әңгімелеу әдістемесі мен дағдыларын білу, экскурсоводтың сырт келбеті.

7.8. Бейне экскурсияларға қойылатын талаптар:

• Бейне материал сапасы

• Дыбыс сапасы

7.9. Жалпы баға онлайн-конкурстың ең жоғары ұпай сомасынан шығады.

 

8. Қорытынды шығару және жеңімпаздарды марапаттау, жүлде қоры 

8.1. Конкурстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады;

8.2. Конкурс жеңімпазына диплом, естелік белгі, жүлде тапсырыла отырып, «Үздік экскурсовод» атағы беріледі;

8.3. Байқау қорытындысы әлеуметтік желілерде, бұқаралық ақпарат құралдарында 2021 жылдың 18 мамырында жарияланады.

8.4. Қорытынды шығаруды, жеңімпаздарды марапаттау рәсімінің күні мен орнын ұйымдастыру комитеті анықтайды;

8.5 Жеңімпаз бен жүлдегерлерге келесі сыйлықтар қарастырылған:

1 орын үшін – ноутбук, диагоналы 15 дюйм

2 орын үшін – моноблок

3 орын үшін – ноутбук, диагоналы 11 дюйм

«Жеңіске деген жігері үшін» – планшет

 

9. Байланыс ақпараты 

Ұйымдастыру комитетінің мекен жайы:

«Алматы Музейі»

Алматы қ., Қабанбай батыр к-сі, 132

e-mail: almatymuseum@mail.ru

Байланыс телефондары: 8 (727) 272-43-21, +7 7788822446/ +7 7021941306

 

 

 № 1 қосымша

 

Үздік экскурсовод конкурсына қатысуға

ӨТІНІМ

 

1. Автордың аты-жөні

__________________________________________________________________

2. Автор туралы мәлімет:

Жасы _____________________________________________________________

Білімi _____________________________________________________________

Зерттеу конкурстарына қатысуы (болған жағдайда)

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

3. Ғылыми жетекшісі (егер бар болса)

 ________________________________________________________________

4. Экскурсия тақырыбы (конкурстық жұмыс)

________________________________________________________________

5. Жұмысқа қысқаша аннотация

 ________________________________________________________________

________________________________________________________________

6. Байланыс (телефон, электрондық пошта)

 ________________________________________________________________

________________________________________________________________

Осы өтінім аудандық Үздік экскурсовод конкурсына қатысуға келісімін және конкурс шарттарымен келісетіндігін растайды.

Осы өтініммен ұсынылған конкурстық жұмыс жаңадан жасалған туынды болып табылатыны және басқа автор (авторлар) жасаған туындының көшірмесі еместігі расталады.

________________________________________________________________

(Толық аты-жөні)

«____» _____________ 20__ жыл

Қолы ____________________

2641 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper