Анонс


«Әбу Нәсір әл-Фараби және Ұлы дала өркениеті» атты республикалық онлайн-конференция өтеді

Сейсенбі, 28 Шілде 2020 20:10
«Әбу Нәсір әл-Фараби және Ұлы дала өркениеті» атты республикалық онлайн-конференция өтеді KAZMUSEUM.KZ -  

Түркістан облыстық мәдениет басқармасының «Руханият-Әбу Нәсір әл-Фараби музейі» мекемесі Әбу Нәсір әл Фарабидің туғанына 1150 жыл толуына орай «Әбу Нәсір әл-Фараби және Ұлы дала өркениеті» аттыреспубликалық онлайн-конференция өткізеді, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Өтетін уақыты: 13 тамыз 2020 жыл. Сағат: 15:00

Өтетін орны: Онлайн – конференция ZOOM платформасында өтеді.

Мақсаты: Әбу Нәсір әл-Фарабидің бай рухани мұрасын насихаттау, еліміздегі орнын белгілу. Әл-Фараби мұраларының елімізде зерттелуіне серпін беру. Әл-Фараби заманындағы Ұлы дала өркениеті мен тұлғалары туралы қазіргі уақыттағы соңғы зерттеулерді ғылыми айналымға енгізу, насихаттау.

Конференцияның негізгі бағыттары:

-  Әбу Нәсір әл-Фараби және оның мұралары;

-  Орта ғасырлардағы Ұлы дала өркениеті;

-  Әбу Нәсір әл-Фараби және Ұлы дала тұлғалары;

-  Орта ғасырдағы Отырар оазисі.

Конференция барысында негізгі орын ғылыми талқылауға беріледі деп көзделуде.

Конференцияға қатысу формалары: баяндама (5-7 мин), жарыссөз (3-5 мин).

Конференцияның ресми тілдері: қазақ және орыс тілдері

Конференцияға фарабитанушылар, тарих, филология,  шығыстану, мәдениеттану, туризм салаларының ғалымдары мен қызметкерлері, музей мамандары, ғылыми-зерттеу институттары мен орталықтарының қызметкерлері қатынаса алады.

Конференцияға қатынасу үшін міндетті түрде электронды нұсқада төмендегі құжаттарды жіберу қажет:

- жариялау үшін мақала мәтіні (1-қосымша)

- Конференцияға қатынасуға өтініш (2-қосымша)

  (1-қосымша)

Баяндамаларды рәсімдеуге қойылатын талаптар мен қатысу шарттары:

1. Көлемі  суреттерімен  қоса 4-7 беттік  Times New Roman  шрифтімен, 14 кегль, беттің сол жағынан – 3 см, жоғарғы және төменгі жағынан – 2 см, оң жағынан – 1,5 см, жол арасы – бір интервал, азат жол шегінісі 4 пункт, әр жол – 1,25 азат жол басындағы аралық қалпында.

2. Баяндама тақырыбы ірі шрифтпен берілуі тиіс. Тақырып пен мәтін арасы екі жолмен бөлінеді. Тақырыптың үстіңгі оң жағына автордың аты-жөні, жұмыс орыны, лауазымы, ғылыми дәрежесі мен ғылыми атағы жазылады.

3. Әдебиеттер тізімі мен сілтемелер мақаланың соңында реті бойынша тік бұрышты жақшаның ішіне алынып беріледі.

5. Ұйымдастыру алқасы сапасыз, қойылған талаптарға келмейтін сәйкес және мерзімінен кеш жіберілген мақалаларды кері қайтаруға құқылы. Мақаланың мазмұндық сапасына автор жауапты.

Конференцияның жоспарланған уақытына ыңғайлану үшін ұйымдастырушылар Сізден сөйлеу уақытыңызды қысқартуды сұрауы мүмкін.

Қатысушылар өтініш пен мақаланы 2020 жылдың 5 тамызына дейін ruhaniyatmuzey@mail.ru электронды мекен-жайына жіберуі қажет.

 

Тіркеу қағазы:                                                                                            (2-қосымша)

 

1

АЖТ

 

2

Ұлты, қаласы

 

3

Ұйымның атауы

 

4

Лауазымы

 

5

Баяндаманың тақырыбы

 

6

Автордың мекен-жайы индекс, E-mail,  Телефон/факс 

 

 

Байланыстар

 

Руханият-Әбу Нәсір әл-Фараби музейі

ruhaniyatmuzey@mail.ru

8-72524-21-882

Құдабай Қанат

8-771-499-98-12

 

 

2114 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper