Аталмыш жинақтың тұсауын қазақтан шыққан тұңғыш антрополог және еліміздегі антропология мектебінің негізін қалаушы, тарих ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі, Ш.Уәлиханов атындағы сыйлықтың лауреаты Оразақ Смағұлов және Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Таймағамбетов Жәкен Қожахметұлы кесті.
Конференцияның негізгі мақсаты -Жаңа Астана идеясын насихаттау, Еуразия кеңістігінде Астана қаласының қалыптасу және даму тарихын зерделеу, Астананың халықаралық аренадағы қауіпсіздік, бейбітшілік және толеранттылық мәселелері бойынша іс-шаралар тәжірибесін кеңінен тарату.
Конференция жұмысына шетелдік және отандық ғалымдар, сонымен қатар мемлекеттік және қоғамдық ұйымдар өкілдері, оқу орындарының оқытушылары, зерттеу және мәдени орталықтардың қызметкерлері, докторанттар, магистранттар мен студенттер, 14 мемлекеттің Қазақстандағы елшілері қатысты.
Аталған шараның соңында қонақтарға ҚР Ұлттық музейі ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен Астана қаласының мерейтойына арналған кітап көрмесі қойылып, «Астана» залына экскурсия жүргізілді.
Маржан ШҮКІРЖАНҚЫЗЫ,
ҚР Ұлттық музейінің ғылыми қызметкері