Конференцияға сәкентанушылар, ғылыми қызметкерлер, жас ғалымдар, қатыса алады.
Конференция 2 бағытта жұмыс істейді:
1. С.Сейфуллин музейінің тарихы;
2. Қазақстандағы әдеби-мемориалдық музейлердің қазіргі замандағы орыны мен даму болашағы.
Баяндамалар қазақ, орыс тілдерінің бірінде қабылданады.
Мәтін компьютерде теріліп, төмендегідей техникалық шарттарға сай келуі керек:
Көлемі 5 бетке дейін болып, баяндама – Tіmes New Roman, 14 кегль шрифтерімен, әр жолдың арасы бір интервалдан терілуі шарт. Мақала беттерінің өлшемдері: үсті – 2 см, асты – 2 см, оң жағы – 2 см, сол жағы – 2 см.
Мәтін редакцияланып, электронды нұсқасы Word форматында сақталуы керек. Баяндаманың жоғарғы оң жағында автордың аты-жөні, жұмыс орны мен қызметі, ғылыми дәрежесі, мәтіннің ортасында баяндаманың атауы көрсетілуі керек. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі сілтеме реті бойынша баяндаманың соңында келтіріледі. Конференция материалдары жинақ ретінде жарыққа шығады.
Астанаға келуге байланысты барлық шығындар баяндамашылардың өз есебінен болады.
Конференцияға қатысу үшін 2018 жылдың 5 сәуіріне дейін өтініш білдіріп, баяндаманы эл.пошта арқылы ұсыну керек.
Конференцияға қатысу жайлы өтініште төмендегідей мәліметтер болуы тиіс:
Аты-жөні
Ғылыми дәрежесі
Ғылыми атағы
Жұмыс орны мен қызметі
Баяндаманың атауы
Мекен-жайы, телефоны, e-maіl
Конференцияға қатысу жайлы өтініш пен баяндаманы төмендегі мекен-жай бойынша жіберіңіздер:
Телефон: +7 (717) 2 328467, +7 (717) 2 533403 е-mail: seifullin_museum@mail.ru
Фото: e-history.kz