Анонс


Ұлттық музей бос лауазым орнына конкурс жариялайды

Дүйсенбі, 11 Сәуір 2016 15:55
Ұлттық музей бос лауазым орнына конкурс жариялайды KAZMUSEUM.KZ -  

«Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі» РМҚК Экспозициялық-көрме қызметінің экспозициялық-көрме жұмысы бөлімінің арт-менеджері ж/д маманының бос орнына байқау жариялайды.  

Байқау «Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі» РМҚК Персоналды іріктеу туралы ережесі (әрі қарай – Ереже) негізінде жүргізіледі.

Көрсетілген біліктілік талаптарына сәйкес келген жағдайда, 2016 жылғы 21 сәуірге дейін түйіндеме жібергендер байқауға қатыса алады.

Біліктілік талаптары:

Экспозициялық-көрме қызметінің экспозициялық-көрме жұмысы бөлімінің арт-менеджері ж/д маманының  қызметіне төмендегі талаптарға сәйкес келетін тұлға қабылданады:

-  тарих немесе археология немесе этнология мамандықтарының бірі бойынша жоғары білім;

- мамандығы бойынша немесе музей саласы бойынша жұмыс өтілі – кемінде 1 жыл;

- экспозициялық-көрме қызметі бойынша жұмыс тәжірибесінің болуы (экспозициялар мен көрмелерді дайындау, ұйымдастыру, монтаж/демонтаж жүргізу, музейлік жобалардың техникалық құжаттамаларын жасау).

Өз қызметі бойынша төмендегілерді білуі тиіс:

Қазақстан Республикасының «Мәдениет туралы», «Тарихи-мәдени мұраларды қорғау және пайдалану туралы», «Авторлық және сабақтас құқықтар туралы», «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы», «Жарнама туралы» заңдарын және өзінің негізгі қызыметіне қатысы бар басқа да нормативтік-құқықтық актілерді және жұмысқа қатысты басқа да нормативтік-құқықтық актілерді; экспозициялық-көрме жұмыстарын ұйымдастыру әдістемесін; еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өрттен қорғану ережелерін, еңбек туралы заңнама негіздерін.

Лауазымдық міндеттері:

- ғылыми тұжырымдамалар, тақырыптық-экспозициялық жоспарлар, музейдің көрме қызметінің жоспарларын, музей экспозицияларының көркемдік безендіру жобаларын жасауға қатысады;

- экспозициялардағы ақпараттық материалдар мен этикетажды жасау және орналастырумен байланысты, сондай-ақ музейдегі навигацияға қажетті ақпараттық материалдарды безендіру жұмыстарының орындалуын ұйымдастырады;

- экспозициялар мен көрмелерді көлемді-кеңістікті безендіру бойынша жобалық және атқарушылық жұмыстарды, ерекше экспозициялық жабдықтарды жасап шығару  бойынша техникалық тапсырмалар жасауды жүзеге асырады.

 

РЕЗЮМЕ жіберу үшін:

e-mail: nmok2013@bk.ru

4442 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper