Анонс


Иманғали Тасмағамбетов Тіл білімі институты жанынан А. Байтұрсынұлы музей-үйі – ғылыми орталығын құруды тапсырды Таңдаулы

Бейсенбі, 02 Ақпан 2017 06:45
Иманғали Тасмағамбетов Тіл білімі институты жанынан А. Байтұрсынұлы музей-үйі – ғылыми орталығын құруды тапсырды KAZMUSEUM.KZ -  

ҚР Үкімет басшысының орынбасары Иманғали Тасмағамбетов Алаш зиялыларының шығармашылық мұраларын жандандыру бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Кеңес барысында Ахмет Байтұрсынұлы музей-үйін мемлекеттік меншікке беріп, оның мәртебесін республикалық деңгейге көтеру, ғалымның ғылыми еңбектерінің 10 томдығын жарыққа шығару мәселесі қаралды.
Иманғали Тасмағамбетов ақын А. Байтұрсынов және «Алаш» қозғалысы жөнінде деректі фильм түсіру мәселесін жедел түрде қолға алу қажеттігін атады. 
Бұл орайда, вице-премьер еліміздегі Алаштанушы тарихшылар мен әдебиетшілер, отандық кино және телевизия саласының мамандарымен бірлесе отырып, тың бастамаларды – кітап шығару, кино түсіру мәселесін қолға алу қажеттігіне тоқталды. 
Кеңес қорытындысы бойынша вице-премьер Иманғали Тасмағамбетов ҚР Мәдениет және спорт министріне Алаш Орда үкіметінің құрылуы мен қалыптасуына атсалысқан ұлт зиялыларының өмірбаянын зерттеп, олар жөнінде көркем өмірбаяндық кітап шығаруды және Ахмет Байтұрсынов ғылыми еңбектерінің 10 томдығын басып шығаруды тапсырды.
Алдағы уақытта Ахмет Байтұрсынұлының музей-үйінің ғимараты республикалық маңызы бар Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізіледі.
ҚР Білім және ғылым министріне музей-үйді мемлекеттік меншікке алу және оны А. Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты жанынан А. Байтұрсынұлы музей-үйі – ғылыми орталығы ретінде құру тапсырылды.

3317 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper