Оның айтуынша, Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Ұлытау төріндегі толғанысында, «Нұрлы жол - болашаққа баcтар жол» атты Жолдауында, басқа да тағдыршешті сөздерінде ел болашағы оның тарихын біліп, қастерлеуіне байланысты екенін атап көрсетіп келеді. Соның ішінде Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өту ерекше орын алады. Бұл ретте Батыс Қазақстан облысында да биылғы қаңтар мен қараша аралығында «Тарих пен тағылым» атты кешенді жобалар жоспарланып, кезек-кезегімен жүзеге асырылуда. Аталмыш жоба аясында облыстық тарихи-өлкетану музейі филиалдарында, Сырым, Қаратөбе, Жаңақала, Қазталов аудандары мен Орал қаласында тақырыптық көрмелер, лекция, кездесу, музей сағаттары, экскурсиялар сынды түрлі шаралар ұйымдастырылуда.
Батыс Қазақстан музейлері «Тарих пен тағылым» жобасын жүзеге асыруда
Жұма, 17 Шілде 2015 09:52
KAZMUSEUM.KZ -
Батыс Қазақстан облысындағы Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған шаралар Бөкей ордасы ауданы Хан ордасы ауылында қорытындыланбақ. Бұл туралы мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Вячеслав Иночкин мәлім етті, деп жазады inform.kz.