Бүгінгі таңда Никас Сафронов Ресей елінде және басқа да шет елдерінде үлкен сұранысқа ие суретші болып табылады. Көрерменнің талғамына 80-нен астам әртүрлі бағыттағы жұмыстар: классикалық портрет, пейзаж, символизм стиліндегі композиция желісі, сонымен қатар автордың DreamVision стиліндегі суреттері ұсынылды. Көрменің атауы «Избранное» («Таңдаулы») деп көрсетілген. «Избранное» көрмесінің географиялық аумағы өте кең: Ресей және Украинаның, Еуропа және Азияның көптеген қалаларында экспозициялық көрмелері өткен. Қарағанды қаласында өтетін көрменің басты мақсаты – көрерменді Никас Сафронов шығармашылығының әр кезеңдерімен таныстыру.
Айта өтейік, кездесу 2014 жылдың 13 желтоқсанында сағат 16.00-де өтеді.