Анонс


Маңғыстау облыстық музейі Түркі әлемі музейлерінің халықаралық симпозиумын өткізді Таңдаулы

Дүйсенбі, 20 Қазан 2025 01:41
Маңғыстау облыстық музейі Түркі әлемі музейлерінің халықаралық симпозиумын өткізді KAZMUSEUM.KZ -  

Маңғыстау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы Әбіш Кекілбайұлы атындағы Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейі «Тас ескерткіштері – Түркі әлемінің ортақ мұрасы» тақырыбындағы IV Түркі әлемі музейлерінің халықаралық симпозиумын өткізді, деп хабарлайды kazmuseumkz сайты.

Симпозиумның ашылу салтанатында Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Тілеген Әбішев құттықтау сөз сөйлеп, түркі халықтары арасындағы мәдени байланыстың маңызын атап өтті.

Симпозиум аясында музей ісінің инновациялық тәсілдері, археологиялық және этнографиялық зерттеулер, сакралды орындарды музеефикациялау, өңірлік туризм мен мәдени бағыттарды дамыту тақырыптары қаралды.

«Бұл симпозиум – тарих пен мәдениетті ұштастырып, Түркі әлемінің мұрасын болашақ ұрпаққа жеткізу жолындағы үлкен қадам», - дейді ұйымдастырушылар.

Айта өтейік, симпозиумға түркітілдес 9 елдің ұлттық музейлерінің басшылары, мәдениет пен музей саласының майталмандары, ғалымдар мен сарапшылар қатысты.

749 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper