Қазақстанның АҚШ-тағы Елшілігінің қолдауымен симпозиумды Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінің директоры, профессор Гүлмира Шалабаева мен доктор Пол Майкл Тэйлор ұйымдастырады.
KAZMUSEUM.KZ -
АҚШ музейінде қазақ өнеріне арналған симпозиум өтеді
Сәрсенбі, 02 Қазан 2019 00:47
АҚШ-тың Ұлттық сәулет музейінде 2019 жылғы 4 қазанда Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінің жетекші ғалымдары мен зерттеушілері баяндама жасайтын «Қазақстанның сәндік-қолданбалы өнері және креативтік экономика» атты симпозиумы өтеді, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.