Дөңгелек үстел жұмысына «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі қызметкерлерімен бірге, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті Археология ғылыми-зерттеу орталығының ғылыми қызметкерлері PhD (философия докторы) Музаффар Гурсой, Сыздықов Бақдәулет, Н. Төреқұлов музейінің ғылыми қызметкері – Нышанбаева Роза, С. Ерубаев музейінің меңгерушісі – Бостанов Ақсүмбе, ғылыми қызметкер – С.Ниетбек қатысып, өз ойларын ортаға салды.
Алғашқы сөз кезегін алған «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің директоры Ж.Әубәкір барлық ғылым саласында еңбек етіп жүрген қызметкерлерді, ғылыми қоғамды, төл мерекелерімен құттықтап, биік белестерге жетуге сәттілік пен шығармашылық табыстар тіледі.
Келесі кезекте қорық-музейдің кіші ғылыми қызметкері А.Орынбекова қорық-музейдің ғылыми-зерттеу бөлімінің тарихы, құрылымы, атқарып жатқан қызметтері, жеткен жетістіктерін таныстыратын қысқаша баяндама оқыды.
Дөңгелек үстел барысында, бүгінгі музейлерде ғылыми-зерттеу жұмыстарының жүргізілу барысы, археологиялық қазба жұмыстарын жүргізумен байланысты келелі ойлар, зерттеулер жүргізудің әдіс-тәсілдері және музейлер мен ұрпақ тәрбиесін ұштастыруға байланысты өзекті мәселелер талқыланды. Сонымен қатар, ескерткіштерді қорғау, сақтау, насихаттау жұмыстарын жүйелі жолға қоюдағы ғылымның орны сынды тақырыптар төңірегінде пікірлер айтылды.