«Маңғыстау шеберлерінің қолынан шыққан киіз үйлер жасалу ерекшелігімен, әсем жабдықталуымен талғампаз әлем жұртшылығының назарын өзіне аударды. Біздің шеберлер жасаған киіз үйлер Жапониядағы Осако қаласындағы шығыс халықтарының этнографиялық музейінде (С. Рзаева), Алматыдағы орталық музейде (А. Тәкенов), ҚР Президентінің Резиденциясында (Б. Бозжігітов), Астана қаласындағы Ұлттық музейде (М. Ізбасарұлы) тігілген», - деді музейдің жаңа заман тарихы бөлімінің маманы Р.Молбаева.
Осындай мақтанышы бар аймақ дәстүрді кеңінен насихаттау мақсатында оқушылар арасында киіз тігуден жарыс өткізген.
«Мұндай шара облыс көлемінде алғаш рет өтіп отыр. Сайысқа Маңғыстау ауданынан Е. Айшуақұлы атындағы орта мектеп оқушылары мен Мұнайлы ауданынан №10 жалпы білім беру орта мектебінің оқушылары қатысты. Байқаудың басты мақсаты - қазақ халқының қасиетті қара шаңырағы – ұлттық мұра тарихи жәдігер екендігін көрсете отырып, ұлттық тарих пен мәдениетке деген ерекше құрмет сезімін ояту», - деп атап өтті музей маманы.