Дөңгелек үстелдің мақсаты – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың тәуелсіз мемлекетті нығайтудағы тарихи рөлін, қазақстандық қоғамның әлеуметтік-экономикалық және саяси жаңғыруы, тәуелсіздік жылдарындағы мемлекеттік құрылыстың негізгі қорытындылары мен келешегі, халықаралық аренадағы ғаламдық жетістіктердің өзекті мәселелерін талқылау.
«Дөңгелек үстел» жұмысына Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің өкілдері, ғалымдар, зерттеушілер, Астана қ. оқу орындарының қоғамдық пәндер оқытушылары қатысады.