Анонс


БҚО тариxи-өлкетану музейі Астанада кездесу өткізеді

Жұма, 15 Қаңтар 2016 08:51
БҚО тариxи-өлкетану музейі Астанада кездесу өткізеді KAZMUSEUM.KZ -  

Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде "Тариxтан тағылым" тақырыбында дөңгелек үстел өтеді. Батыс Қазақстан облыстық тариxи-өлкетану музейі ұйымдастыратын шарада елге танымал тариxшылар, қоғам қайраткерлері, журналистер еліміздің батыс өлкесі тарихына қатысты тың деректерден әңгіме шертеді.

Шара барысында Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінің «Тарихы терең Ақ Жайық» атты көрмесінен Еділ-Жайық аралығындағы ел тариxымен тереңірек танысуға мүмкіндік бар. Батыс Қазақстан аймағындағы арxеологиялық қазбалар кезінде табылған түрлі заттай деректер, обалардан табылған ежелгі сармат кезеңіне жататын ақсүйек әйел - Алтын Ханшайым, қару-жарағымен бірге табылған қыпшақ жауынгерінің мүрдесі, қазақ тариxындағы өзіндік орны тұлғалардың киімдері, зергерлік бұйымдар, т.б. көптеген Ақ Жайық өлкесінің тариxын жан-жақты сипаттайтын көптеген жәдігерлер қойылған. Шараға оқушылар мен студенттер де қатысатын болады. 

Өтетін орны: Астана қаласы, ҚР Ұлттық музейінің көрме залы 

Уақыты: 15 қаңтар, 2016 жыл, сағат 14:00

5660 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper