1
|
Авторы
|
Семен Моисеевич Брилиант
|
2
|
Кітаптың атауы: «Г. Р. Державин. Его жизнь, литературная деятельность и служба» Инв. №624
|
|
3
|
Жауапкершілігі туралы мәліметтер (қосалқы авторлар, құрастырушылар, редакциялар, ұйымдар)
|
|
4
|
Бөлім нөмірі/ бөлім сандары
|
– / / –
|
5
|
Бөлімдердің атауы
|
«Г. Р. Державин. Его жизнь, литературная деятельность и служба»
|
6
|
Басылым туралы мәліметтер (қайта басылуы, 2-ші басылуы, толықтырулар)
|
– / / –
|
7
|
Сериясы
|
– / / –
|
8
|
Басылған жері, баспасы
|
С-Петербург, «Г.И. Салова и К» баспаханасы.
|
9
|
Кітаптың басылған жылы
|
1893 жылы
|
10
|
Жай-күйі (иллюстрациялар, фотосуреттер, сызбалар, карталар, қосымшалар)
|
– / / –
|
11
|
Библиографиясы
|
- «Полное собрание сочинений Державина» Я. Грот
- «Биография Державина» Я. Грот, 8 том
|
12
|
Көлемі (бет саны)
|
80 бет
|
13
|
Тиражы
|
– / / –
|
14
|
Кітаптың мінездемесі (переплет мінездемесі, белгілердің болуы, иесінің жазбалары, автографтар, экслибристер, мөртабандар, мөрлер, қолдану тарихы, жай-күйі және т.б)
|
1. Кітаптың мұқабасы қатты сары-қоңыр түсті картоннан жасалған. 2. Тігісі дәкемен бекітілген. 3. Кітап нашар сақталған. Парақтары тігісінен ажырап қалған. 4. Кітаптың сыртында автордың есімі сиямен жазылған. 5. 1-бетінде «АзССР НКВД У Библиотека» жазуы бар мөртабаны қойылып, әр түрлі кезеңдердегі № 1572, № 1057, № 225 инвентарлық нөмірлері бар. Жоғарғы бөлігінде «ЗАП 1 3 мая 1938» мөртабаны қойылған. 6. 5-бетінде «Районная Школьная библиотека в Балмхамах» мөртабаны қойылған. 7. 79-бетінде «МНВО Библиотека АзССР» мөртабаны қойылып, №2251-ші инвентарлық нөмірі қойылған.
|
15
|
Мәтін тілі
|
Реформаға дейінгі кириллица әріптеріндегі орыс тілінде жазылған.
|
16
|
Аннотация Бұл биографиялық очерк осыдан жүз жылдан астам уақыт бұрын «Жизнь замечательных людей» сериясымен Ф.Ф. Павленковтың (1839-1900) бастамасымен шығарылған. Жаңа поэтикалық жанрда және мәдени-тарихи зерттеулер оның құндылығын арттыра түседі. Кітап жалпы көпшілікке арналған. Ұлы адамдардың өміріне қызығатын оқырмандар үшін таптырмас еңбектердің бірі болып табылады. Осынысымен кең ауқымдағы аудиторияның сұранысына ие. Негізінен кейіпкердің балалық шағы, әдебиет саласындағы қызметі, еңбектерінің маңызы кеңірек суреттеледі. Атап айтқанда І-ші бөлімінде Г. Р. Державиннің балалық шағы, гимназиядағы оқуы, оқу бітіргеннен кейінгі қызметі жайында әңгімеленеді. ІІ-ші бөлімі Г. Р. Державиннің алғаш рет әдебиет саласындағы қызметінің бастау алуы туралы суреттеліп, ХVІІІ ғасырдың 30-40 жылдары Ресейде болған оқиғалармен байланыстырылады. Әсіресе ІІ Екатерина, І Александр, князь Павелмен байланыстырылатын оқиғалар жиі кездеседі. Императорлық тақ иесі ІІ Екатеринаның Ресей Сенатының маңызды құжаттарын бекітуі, Е. Пугачев бастаған 1773-1775 жылдардағы шаруалар көтерілісіне де қатысты тарихи құнды деректер осы еңбектен орын алады. ІІІ-ші және IV-ші бөлімдерінде патшайым ІІ Екатеринаның тұсында Г.Р. Державиннің орыс әдебиетінің көрнекті өкілі болғанын көрсетеді. Кейіпкердің Императорлық сарайдың назарында болғанын, патшайымға арнап бірнеше өлеңдер жазғанын, ІІ Екатеринаның әрқашан да Г.Р. Державинге ықыласты болғанын суреттейді. Кітаптың V-ші бөлімі император Павел және І Александр тұсындағы Г.Р. Державиннің әдебиеттегі рөліне арналады. Кітапта кейіпкер туралы маңызды деректер кездеседі. Атап айтқанда, Р. Державин 1762-1775 жылдары Преображенск гвардиялық полкінде солдат болып, 1786-1788 жылдары Тамбов губерниясының губернаторы қызметінен ІІ Екатеринаның императорлық кабинетінің хатшысы қызметіне дейін жоғарылайды. 1793 жылы Сенатқа ауысып, 1794 жылы Коммерц-коллегияның Президенті болып тағайындалады. 1802-1803 жылдары Ресей Юстиция министрі қызметінде болады. 1809 жылы барлық деңгейдегі мемлекеттік қызметтерден шеттетіледі. Жалпы бұл кітаптың маңыздылығы әрі ерекшелігі – автор Г.Р. Державиннің әдеби өмірін көрсету арқылы Ресейдің тарихын қоса көрсетуге тырысқандығы. Оқырмандар үшін осынысымен де маңызды болып табылады.
|
17
|
Автор туралы Брилиант Семен Моисеевич 1931 жылы 14 маусымда Францияда дүниеден өткен. Автордың туған жылы туралы нақты деректер белгісіз.
|
18
|
Кілт сөздер
|
Гавриил Романович Державин, Я.Ф. Чемадуров , «певец Фелицы», Казань, Москва, Елизавета ІІ, Петербург, Карамзин, Павел, АлександрІІ, тайный советник, «Эдип в Афинах», «Царь-девица», Дарья Алексеевна Дьякова.
|
19
|
Төлқұжатты жасаушылар: Орындаған: Сақтаушы: Мерзімі
|