Дөңгелек үстел жұмысына ҚР Мемлекеттік орталық музейінің қор сақтаушысы М.Даулетшина, Отырар мемлекеттік археологиялық музейінен қор сақтау және реставрация бөлімінің қызметкерлері Қ.Есіркепова, Н.Усаинов, облыстық өлкетану музейінен А.Ержігітова, тарихи мәдени этнографиялық орталықтың қор сақтаушысы М.Тұрсынбаева және музей қызметкерлері қатысты.
Дөңгелек үстел барысында музейлердегі қор сақтау ісінде жәдігерлерді сақтау, қор сақтау ісінің ерекшеліктері, реставрациялық және консервациялық жұмыстарының атқарылу ауқымы жайлы мәселелер қозғалды. Өңірлік музейлерден келген мамандар өз тәжірибелерімен бөлісіп ұсыныстарын айтты.
Жиын соңында дөңгелек үстелге қатысушы музей қызметкерлері тарапынан бір ауыздан музей ісіне байланысты тақырыптарда әр тоқсан сайын бас қосып отыруды дәстүрге айналдыру жайында ұсыныстар айтылды.