Анонс


Қорғаныс министрлігінің музейі жаңа экспонатпен толықты Таңдаулы

Жексенбі, 10 Қаңтар 2016 01:33
Қорғаныс министрлігінің музейі жаңа экспонатпен толықты KAZMUSEUM.KZ -  

ҚР Қарулы Күштерінің Әскери-тарихи музейі бағалы жәдігермен толықты.  Музей қорына 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының басты жәдігері – Жеңіс Туының көшірмесі тапсырылды, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.  

Мәскеудегі ТМД қорғаныс министрлері кеңесінің отырысы шеңберінде РФ Қорғаныс министрі Сергей Шойгу ҚР Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетовке Жеңіс Туының телнұсқасын табыстады.

 «Соғыс сұрапыл болды. Миллиондаған адамның өмірін қиды. Бұл туды Мәскеуден бастап сонау Берлинге дейін жауынгерлеріміз соғыс майданынан алып өтіп, Рейхстагқа Жеңіс туын тікті.. Жеңіс Туы – жеңіске қол жеткізгеніміздің нышаны іспетті», - деді Ұлы Отан соғысының ардегері Олег Линик.

Туды табыс ету рәсіміне Ұлы Отан соғысы, Ауған соғысының ардагерлері, Халық қаһарманы, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебінің тәрбиеленушілері, сондай-ақ 68665 әскери бөлімінің әскери қызметшілері қатысты.

Айта өтейік, қазіргі уақытта ҚР ҚК Әскери-тарихи музейінің қорында 6 000-ға жуық жәдігер бар екенін және музей қоры толықтырылып жатқанын атап өткен жөн.  Еліміздің түкпір-түкпірінен азаматтар, көне заманнан бастап қазіргі күнге дейін тәуелсіз Қазақстан Қарулы Күштерінің құрылуы кезеңдерінен сыр шертетін тарихи құндылығы бар бағалы заттарды музейге тапсыруға атсалысып отыр.   

3065 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper